» » Жаңару күні тойланды

Жаңару күні тойланды

19 наурыз – Жаңару күні. «Наурызнама» онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейді. Бұл күні ел аумағында ағаш отырғызылады. Бұл дәстүр Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді. Қазақ халқы үшін Наурыз мейрамы тек қуанышты тойлау ғана емес, өткенді саралап, болашаққа жоспар құрудың уақыты. Айта кетейік, былтырдан бері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлау жаңаша сипатқа ие болды.
Көктемде табиғат жанданып, тіршілік оянады. Ел өміріндегі, әрбір азаматтың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуының белгісі ретінде бұл күні ағаш егу дәстүрі қалыптасқан. Осыған орай ауданымызда «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында «19 наурыз – Жаңару күні» құрметіне ағаш отырғызу акциясы өтті.
Аудандық денешынықтыру және сауықтыру кешені алаңында өткен шараға ардагерлер, әйелдер кеңесінің мүшелері, орман шаруашылығы қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, спортшылар және белсенді жастар қатысты.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы жиналғандарды Наурыз мейрамымен құттықтап, табиғатты қорғаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз сөйлеп, жастарды экологиялық мәдениетті дамытуға шақырды.
Акция аясында 200 түп ағаш егіліп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл игі бастама ауданның барлық елді мекендерінде жалғасып, көктем мерекесінің ажарын аша түсті.
Жаңару – ортақ мақсаттарға жетуде бірігу мен ынтымақта болу. Тек табиғаттың ғана емес, әрбір адамның, қоғамның жаңару күні. Сол себепті бұл күн бізді бірлікке, өзара түсіністікке және ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге шақырады.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
23 наурыз 2025 ж. 136 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

№20 (10388)

17 наурыз 2025 ж.

№19 (10387)

15 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 540
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31