» » БАТЫР МҰРАСЫН МУЗЕЙГЕ ТАПСЫРДЫ

БАТЫР МҰРАСЫН МУЗЕЙГЕ ТАПСЫРДЫ

Аудандық тарихи-өлкентану музейі Жеңістің 80 жылдығы аясында «80 жылдыққа – 80 экспонат» акциясын жариялаған болатын. Акция аясында музей қоры құнды жәдігерлермен толығу үстінде. Жақында ауданымыздың тумасы, білім саласының ардагері Зағира Нұрмаханова арнайы «Руханият» орталығындағы музейге келіп, музей экспозициясымен танысып, әкесі соғыс ардагері Төрехан Нұрмахановтың орден, медальдарын, құжаттарын, тағы да бірқатар заттарын музей қорына тапсырды.
Төрехан Нұрмаханов 1914 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. 1941-1943 жылдары Ұлы Отан соғысына аттанып, бүкіл қазақстандықтармен бірге Отанға берген антын адал орындай отырып, шайқастардың бел ортасында жүрген. Ел басына түскен сын сағатта өз борышын абыроймен атқарып, алдыңғы саптан табыла білді. 1943 жылы оң қолынан жарақат алып, елге оралған. Ерен ерліктері үшін «Германияны жеңгені үшін», «Совет армиясына 30 жыл», «Лениннің 100 жылдығы» медальдерімен марапатталған. Елге келгеннен кейін еңбек жолын жол бойында милиция, одан кейін автобазада жүргізуші, кейіннен әскерилендірілген күзет бөлімінде жұмыс істеген. Жосалы кентінде алғашқы такси жүргізушілердің де бірі, сондай-ақ КПСС мүшесі болған.
Жары Мәрия Хайруллақызы тыл ардагері. Ол 1925 жылы дүниеге келген. Оның жастық шағы сұрапыл соғыс жылдарымен біте қайнасты. Осы қиын кезеңде еңбек жолын 1941 жылы аудандық халық депутаттары атқару комитетінде хатшы-терімшіден бастады. Жас қыз алғырлығы, білімі мен еңбекқорлығымен көзге түсіп, осы жерде 1946 жылға дейін еңбек етті. Тұрмысқа шыққаннан бастап №414 орыс мектебінде жұмыс істеді. Адал еңбегі, жұмысқа деген жауапкершілігі үшін талай марапат төрінен көрінген.
Бірде аудандық оқу бөлімінен ұжымнан бір адамды «Ерен еңбегі үшін» медаліне ұсыну жөнінде сұраныс түседі. Кәсіподақ комитеті және ұжым бұл марапатқа Мәрия апай лайық деп есептеп, еңбегінің еленгені бар. Осы жерден 5 баламен зейнетке шықты. Балалардың барлығы жоғары білімді, әр салада абыройлы қызмет атқарып келеді.
Иә, жеңіс бізге оңай келген жоқ. Миллиондардың қанымен келген жеңіс бұл. Майдангерлердің қаһармандығы мен тыл еңбеккерлерінің жанкештілігі арқасында жеңіске жеттік. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау және олардың рухтарына тағзым ету – біздің қасиетті борышымыз.
Баршагүл САХИЕВА,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы
20 наурыз 2025 ж. 72 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10388)

17 наурыз 2025 ж.

№19 (10387)

15 наурыз 2025 ж.

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 523
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31