» » 80 жылдыққа – 80 экспонат

80 жылдыққа – 80 экспонат



Музей – көнеден қалған жәдігерлерімізді бүгінгі ұрпаққа өнеге етіп, ұлттығымызды, елдігімізді, тарихымызды танытатын мәдениет ошағы. Қазіргі уақытта халықтың қолында көптеген мұра, құнды тарихи жәдігерлер бар екені белгілі. Бұлар жеке үй ішінде немесе жеке адамдар игілігінде болып қана қоймай, музейде сақталып, халықтың игілігіне айналуы тиіс.

Осы орайда, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейі Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында «80 жылдыққа – 80 экспонат» музейге сый акциясын ұйымдастыруда. Акция мақсаты: ұлттық тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару, ел арасында елеусіз қалып жатқан тарихи маңызы бар құнды заттарды, тарихи тұлғалардың тұтынған заттарын жинақтау, кәсіби тұрғыда сақтау болып табылады.

Технология қарыштап дамыған заманда көне заттардың күнделікті тұрмысқа қажетсіз болып қалып жатады. Алайда, сол заттардың халқымыздың өткен уақыттағы өмірі мен тарихын зерттеуде, болашақ ұрпақтың өз тарихы мен болмысын тануда үлкен маңызы бар. Музей үшін осы заттар халық жадын жандандыруға қызмет ететін, мамандардың зерттеулеріне арқау болатын, ондаған, жүздеген жылдардан кейін де болашақ ұрпақ таңдана тамашалайтын құнды дүниеге айналады.

Өлкеміздің өткені мен бүгінгісін келешек ұрпаққа жеткізуге, ұлттық рухани мұрамызды түгендеуге және жинақтауға үлес қосуға аудан тұрғындарын шақырамыз!

Аудандық тарихи-өлкетану музейі



24 ақпан 2025 ж. 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 618
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 391

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031