» » ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

8 наурыз – Аналар мерекесінде өңірімізде жылдағы дәстүрмен көптеген іс-шара ұйымдастырылады, және олар әртүрлі форматта өткізіледі. Соның бірі жақында кент орталығында жаңадан бой көтерген «Руханият» орталығында өтті.
Бұл мәдени шара ауылдың көпбалалы аналарымен арнайы ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, Қызылтам ауылының бір топ «Алтын алқа», «Күміс алқа» тағынған алтын құрсақты аналары аудандағы түрлі рухани құндылықтардың басын біріктірген орталыққа саяхат жасай келіп, оның көпсалалы жұмысымен танысты. Музей, кітапхана, Жастар орталығы мамандары оларды ықыласпен күтіп алып, өздерінің атқарып жатқан қызметтерінен сыр бөлісті.
Қазақтың ұлттық киімін киген нәзік жандылар екі қабатты ғимараттың ішін аралағанда ерекше әсерде болғанын қуана жеткізді. Игі іске Қызылтам ауылдық клубының директоры Айгүл Қосқожаева мұрындық болған.
– «Мың естігеннен бір көрген абзал» демекші, аналарымыз орталықтың ашылғанын естігенімен көзбен алғаш рет көріп жатқандары да бар. Таңданыс та жоқ емес. Еңселі де жарық, заманға сай барлық жағдайы жасалған мекенжайда болу біздер үшін үлкен қуаныш. Сапарымызда аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Төлегенқызы мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлшара Бөгенбайқызы бізбен бірге болып, ғимаратты аралатып көрсетті. Әсерімізді сөзбен айтып жеткізе алмаймыз, – дейді ауылдық клуб директоры.
Таныстыру барысында ауыл аналары ауылдық клуб үйі тағайындаған сыйлықтарға ие болып, естелікке суретке түсті.
С.АҚКІСІ
09 наурыз 2025 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 082
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031