» » Әлем – әйелмен әсем

Әлем – әйелмен әсем

Ана – тіршілік гүлі, отбасының берекесі, күллі адамзаттың тәрбиешісі. Қазақ елінде бала тәрбиесімен қатар ел ісіне араласып, халқының мұң-мұқтажын көтеріп, ел анасына айналған Бипатыма, Данагүл, Бегім аналарымыздың орны ерек. Сол аналардың ізін жалғап, билік басында жүрген, қоғам ісін көтере білген абзал жандармен әркез мақтанамыз.
Гүл көктемнің ғажап мерекесіне орай аудандағы «Руханият» орталығында «Көктем шуағы» атты салтанатты іс-шара өтті. Онда аудан әкімі Жандос Еркінбек ауданның дамуына үлесін қосып жүрген әзиз аналарымыз бен қыз-келіншектерді қабылдап, мерекелерімен құттықтады.
– Тәуелсіз еліміздегі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да Әйел-аналар қауымы. Әйел жанының жылулығы мен сұлулығы, мейірімділігі мен кеңдігі әлемге рух беріп келеді. Біздің ата-бабаларымыз әйел жаратылысының маңыздылығын «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербейді» деп бірауыз сөзбен жеткізген. Нәзік жандылардың аялы алақаны, нұрлы жүзі, жан шуағы әрбір отбасына ғана емес, бүкіл ғаламды ортақ адамзаттық биік мақсаттарға ұмтылдырып, бейбіт те берекелі ғұмыр кешуге үндеп келеді. Ендеше көркем көктеммен келген мерекеде сіздерге тек ізгілік тілеймін. Әрдайым ақпейіл де қамқор, адал да үлгілі қалыптарыңыздан таймай жүре беріңіздер, – деді аудан әкімі.
Мұнан соң салтанатты іс-шара марапаттау рәсіміне ұласып, аудан басшысы нәзік жандыларға Алғыс хат табыстады. Жиында аудандық мәслихаттың төрағасы Әділ Үсенұлы сөз сөйлеп, құрмет төрінен табылған қыз-келіншектерге мерекелік жылы лебізін білдірді.
Мереке қарсаңында осындай тамаша көңіл күйге бөлеген аудан әкіміне аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева мен Гүлнар Мырзаханқызы аналық алғысын жеткізді. Одан кейін барлық қатысушылармен бірге «Ана» туралы ән шырқалып, жақсы көңілмен тарқасты.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
08 наурыз 2025 ж. 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (10387)

15 наурыз 2025 ж.

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 493
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31