» » ШУАҚТЫ КҮНДЕГІ ШЫРАЙЛЫ МЕРЕКЕ

ШУАҚТЫ КҮНДЕГІ ШЫРАЙЛЫ МЕРЕКЕ

Көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде ауданның ардақты аналары мен қыз-келіншектері ерекше құрмет төрінен көрінді. Аудандық мәдениет үйінде мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік шараның шымылдығы әсем би мен әдеби монтажбен түрілді.
Салтанатты іс-шарада аудан әкімі Жандос Еркінбек сөз алып, барша аудандағы аналар мен әйелдерді, қыз-келіншектер қауымын төл мерекелерімен құттықтады.
– Аяулы аналар, құрметті қыз-келіншектер! Баршаңызды көктемнің шуағымен қатар келген 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ғасырлар бойы қазақ әйелдері келер ұрпаққа бабалар даналығын жеткізіп отырып, жастарға адами қасиет пен адамгершілік ұғымын, Отанға деген махаббатын, үлкенге құрметін, кішіге ізетін үйретіп, сонымен бірге әйелдер отбасының ұйытқысы болып, инабаттың сиволына айналған. Отан отбасынан басталады деген ұғымға сәйкес, әйел-азаматшалардың қоғамда орны ерекше. Отбасының берекесі болған әйелдер қауымы қазір де адал қызмет етіп, кемел келешек үшін зор үлес қосып отыр. Ауданның әйелдер қауымы түрлі салада ерекше қабілеттерімен танылып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарымызға сенім-тірек болып, қоғам ісіне кірісіп жүргендеріңіз үшін сіздерге алғысым шексіз. Бүгінгі керемет мерекеде мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! – деп ізгі лебізін жеткізді.
Салтанатты шара барысында түрлі салада елеулі қызмет етіп, белсенділігімен көзге түскен, үздік деп танылған бір топ нәзікжандыларға облыс әкімінің және аудан әкімінің құттықтауы табысталды. Одан бөлек, Ақжар ауылының әкімі Нұржамал Бектайқызына қызметтік автокөлік табысталды.
Мерекелік кеш одан әрі аудан өнерпаздарының концертіне ұласты. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі дерлік асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында өрбіп, әйелдер қауымын үлкен қуанышқа кенелтті.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
08 наурыз 2025 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (10387)

15 наурыз 2025 ж.

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 493
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31