» » «Заң мен тәртіп" тұрғысында түсіндірме жұмысы жүргізілді

«Заң мен тәртіп" тұрғысында түсіндірме жұмысы жүргізілді

Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» идеологиясын орындау жөніндегі іс-шара жоспары аясында құқықбұзушылық пен нашақорлықтың, лудомания, вандализм, буллинг пен кибербуллингтің және зорлық- зомбылықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті.

Тәрбиелік мәні зор басқосуға Қармақшы аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары полиция майоры Абдугаппаров Дулатбек Жалғасбекұлы және 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Жиын барысында құқықтық санасы биік, азаматтық ұстанымы берік ұрпақтың маңызы, тәлім мен тәртіптің маңыздылығы кеңінен талқыланып, білім мен тәрбие туралы сөз қозғалды.

Келелі жиынға қатысушы сала өкілдері күнделікті тәжірибеден мысалдар келтіріп, жасөспірімдерге ой салар, әсерлі әңгімелесу жүргізді. Сондай-ақ, мектеп оқушылары өздерін толғандырған өзекті сұрақтарын қойып, пікір бөлісті.

Жиын соңын мектеп-лицейінің директоры Раймов Нұржан Жақыпбекұлы қорытындылап, шараның маңыздылығына тоқталып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша оралымды ойларымен бөлісті.

24 ақпан 2025 ж. 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 820
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 512

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930