» » Ақпараттық-танымдық жиын өткізілді

Ақпараттық-танымдық жиын өткізілді

qarmaqshy-tany.kz 30 қараша күні №28 орта мектебінде құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, кибербуллингтің алдын алуға байланысты 7-11 сынып оқушылары арасында ақпараттық-танымдық жиын өткізілді. Жиынға Ақтөбе ауылдық округі учаскелік полиция майоры Б.Ибраев, Ақжар ауылдық амбулаториясының әлеуметтік қызметкері Г.Каукенова, Ақжар ауылдық округі әкімшілігінің жетекші маманы А.Байжанова, педагог-психолог А.Әмірханов, мектеп парламенті "Құқық және тәртіп" фракциясының жетекшісі С.Қожабек жоғарыда аталған мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында бейнероликтер көрсетіліп, жастар арасында белең алған қылмыс пен құқық бұзушылықтың түрлеріне талдау жасалды. Оқушыларға бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын ұстануға, мезгілсіз жүрмеуге, бейтаныс адамдармен байланысқа түспеуге, тағы басқа кеңестер берілді. Әлімжеттік жасау, зорлық- зомбылық пен топтық төбелестің арты заң жолымен жазаланатынын ескертілді. Жиынды мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Тоқтамысов қорытындылады.
30 қараша 2022 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 412
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 256

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728