» » Қызылордалық ақсақал 2 миллионнан астам ағаш өсірген

Қызылордалық ақсақал 2 миллионнан астам ағаш өсірген

фото: Нұрболат Нұржаубай
85 жастағы қария Бектай Сүлейменов 2 миллионнан астам ағаш отырғызып, оны баптаған тәжірибелі бағбан. Ол күн сайын қолына кетпенін алып, өзі өсірген жасыл желектерді бір айналып өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бектай Сүлейменов есін білгелі бау-бақшамен айналысып келеді. Ол өзінің алғашқы ағашын (өрік) үш жасында әкесімен бірге отырғызған. Осылайша ол, әкесі салып берген жолмен жүріп, 1965 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтына түсіп, онда орман шаруашылығының маманы болып шығады. Бұл ретте ақсақал, Мемлекет басшысы бастаған «Таза Қазақстан» акциясының белсенді қатысушысы.
zakon.kz жазуынша, биыл Бектай Сүлейменовтің өзінің шаруа қожалығын құрғанына 34 жыл толады. Бұл шаруада оған ұлдарының бірі көмектескен.
«Мен 1940 жылы Шымкент маңындағы Шардара ауданында дүниеге келдім. Ол кезде колхоздың дүркіреп тұрған кезі, әр үйдің алдында бұталар, гүлдер, жеміс ағаштары өсіп тұратын. Менің әкем танымал бағбан болды, үнемі мені өзімен ертіп жүріп, саланың қыр-сырын үйретті. Осылайша, мектепті тәмамдағаннан кейін әке жолын қуып, орманшы болуға шешім қабылдадым. Зейнеткерлікке шыққанға дейін мен облыстың үш ауданында орманшы қызметін атқардым. 1991 жылы өзімнің шаруашылығымды аштым. Терек, үйеңкі, қарағаштың көшеттерін дайындап сата бастадым», дейді ақсақал.
Бастапқыда 5 гектармен басталған шаруа, 35 жылдың ішінде 25 гектарлық фермаға айналған. Мұнда алма, алмұрт, шие, өрік, қара өрік, жидектер, жүзімнің әртүрлі сорттары, арша, терек, үйеңкі, қарағаш пен қарағай өседі.
«Осылайша, Қызылордада қылқан жапырақты ағаштарды да өсіруге болатындығын дәлелдедім десем де болады. Өсіп келе жатырған барлық көшеттерді будандастырып, бейімдедім. Тіпті шырша мен балқарағай да өседі. Ендігі арманым туберкулез диспансерінің аумағында қылқан жапырақты ағаштар паркін құру. Себебі, олардың хош иісі өкпе аурулары бар науқастар үшін өте пайдалы», дейді ол.
Біздің эко-кейіпкеріміз Қызылорданы қарағайлы орманға айналдыруға болатынына сенімді. Өйткені,  қаланы қалай көгалдандыруға болатыны жайлы көптеген жоспары бар. Мәселен, Қызылорда әуежайына баратын жолдағы көгал оның питомнигінен басталған. Бір жарым метр аралықпен үш қатарда өсетін ағаштардың аумағы 6 км-ді құрайды. Мұның бәрін қария өз қолымен отырғызып шыққан.
Бектай атаны біраз жылдан бері оның қала маңындағы бақшасына апаратын жол мазалайды. Оның айтуынша, ауа-райының қолайсыздығы кезінде қожалыққа жету мұңға айналады. Көпшілік қаланы көгалдандыруға үлкен үлес қосқан ақсақалдың бұл өтінішін жергілікті билік назарға алса екен дейді.
07 ақпан 2025 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 447
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31