НАҚТЫ ЖОСПАР – ӨРКЕНДЕУДІҢ БАСТЫ ҚАДАМЫ
Мемлекет пен Үкімет басшыларының сарабдал саясаты мен аймақ басшысының айрықша қолдауының арқасында Қармақшы ауданының әлеуметтікэкономикалық, мәдени-рухани салалары қарқынды түрде дамып келеді. Аймақ басшысының бастамаларының нәтижесінде ауданда халық игілігі үшін маңызды жобалар сәтті жүзеге асырылып, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өткен аптада осы және басқа да мәліметтерді алға тартқан аудан әкімі Жандос Еркінбек өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен жылы ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды.
Аудан әкімінің айтуынша былтыр ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты оң тенденция сақталған. Оның бір дәлелі ретінде аудан бюджетінің ұлғаюын атап айтуға болады. Облыс әкімінің ерекше қолдауының арқасында өткен жылдың қорытындысымен аудан бюджеті 18 млрд 533 млн теңгені құрап, 2023 жылғы бекітілген бюджетпен салыстырғанда 6 млрд 541 млн теңгеге немесе 54,5 пайызға артқан. Оның ішінде, ауданның өз кірістері өткен жылы 2 млрд 111 млн теңге болып бекітіліп, жыл қорытындысымен 547 млн теңгеге ұлғайтылып, 2 млрд 658 млн теңгені құраған. Ал биылғы жылдың 1 қаңтарында ауданның өз кірістері жоспары 108,8 пайызға орындалған.
– Ауданның даму динамикасы анықталатын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бо йынша өсім бар. Былтыр ауданға 18,6 млрд теңге инвестиция тартылып, 2023 жылмен салыстырғанда инвестиция көлемі 28,6 пайызға артты. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімі көлемі 2,4 пайызға, өңдеу өнеркәсібі көлемі 4,4 пайызға, ауылшаруашылығы өнімі көлемі 2,4 пайызды, құрылыс жұмыстары көлемі 13,5 пайызға, тұрғын үйді пайдалануға беру 23,7 пайызға, бөлшек сауда көлемі 301 пайызды құрады.
Өздеріңізге белгілі, Қармақшы ауданы ауылшаруашылығына негізделген аймақ. Сондықтан, макроэкономикалық көрсеткіштерінің басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласындағы же тістіктерге байланысты. Өткен жылы жалпы көлемі 25272 гектар алаңға егіс орналастырылды. Оның ішінде күріш көлемі 13270 гектар. Күріш дақылының 13 016 гектары орылып, бастырылды. Орташа есеппен әр гектардан 60,14 центнерден өнім алынып, 78,2 мың тонна астық қамбаға құйылды.
Аймақ басшысының «Тұрғындардың өзінөзі әлеуметтік маңызды көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуін қалыптастыру» туралы тапсырмасы негізінде 408 гектар бақшалық жерлер дайындалып, 930 отбасыға бөлініп берілді. Сонымен қатар, суды үнемдеу мақсатында жаңа технологияларды пайдаланып, жаңбырлатып суару тәсілімен 20 гектар жоңышқа, тамшылатып суару тәсілімен 5 гектар көкөніс-бақша дақылдары егілді, – деді аудан әкімі.
Биылғы жылы су үнемдеу технологиясын егіске пайдаланып 300 гектар егіс орналастыру жоспарланып отыр. Оның ішінде тамшылатып суару арқылы 30 гектар бақша дақылдары және жаңбырлатып суару арқылы 270 гектар жоңышқа дақылдары өсіру көзделуде. Инженерлі тұрғыда әзірленген ауыспалы егістіктер де күріш егуге дайындалып 7,0 мың гектар жерлер лазермен тегістелген.
Өткен жылы ауылдардағы шаруашылықтарда оң өзгерістер орын алды. Мәселен, Ақтөбе ауылдық округінде «Оңталап» шаруа қожалығының тәулігіне 80 тонна және Жаңажол ауылдық округінде «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қуаттылығы тәулігіне 100 тоннаға дейін күріш өңдеп шығаратын зауыттары іске қосылды. Нәтижесінде Қармақшы ауданы егін шаруашылығы бойынша облыста өткен жыл қорытындысында «Озат аудан» атанды.
Брифингте ауданда мал шаруашылығы бойынша да мемлекеттік бағдарламалардың қолдауы нәтижесінде өсім қалыптасқандығы сөз етілді. Яғни, 136 мың төрт түлік мал басы тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 118,0 пайызға өскен.
– Жайылымдық жерлерді суландыру мақ сатында биылғы жылы Қармақшы ауылдық округіндегі «Қожатай» су тоспасы қалпына келтірілді. Нәтижесінде Жосалы кенті және Қармақшы ауылдық округінің 3 мың гектарға тарта жайылымдық-шабындық жерлер суландырылатын болады. Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі Сарыөзек көлін суландыру және жайылымдық жерлерді қалпына келтіру бойынша Сырдария өзенінен көктемде және күзде көлге су айдау жұмыстары жүргізілді. Ауыл шаруашылығымен қатар, ауданның экономикалық дамуына тікелей әсер ететін шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы да басты назарда, – деді аудан басшысы.
Аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерілік субъектілер саны осы жылдың 1 қаңтарында 3 мың 372 бірлікті құраса, оның ішінде жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 3 мың 160 бірлік.
Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде жалпы құны 2 млрд 483,9 млн теңге болатын 134 жобаға несие беріліп, 137 азамат 202,3 млн теңгенің грантын алған.
Былтыр мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бірқатар жоба іске қосылып, жаңа жобалардың құрылыстары жүргізілуде. Өнеркәсіп саласы бойынша 3 жоба жүзеге асты. Атап айтқанда Жосалы кентінде «АНК-Даулет» ЖШС газоблоктар өндіретін шағын зауыты, Жаңажол ауылдық округінде кондитерлік цехы және Төретам кентінде «С-тройка» өндірістік кооперативінің бетон бұйымдарын өндіру цехы іске қосылды. Қызмет көрсету және сауда саласында құны 95 млн теңге болатын 2 жоба жүзеге асырылуда.
Құрылыс жұмыстарына келетін болсақ. Жүргізіліп жатқан жобалар нәтижесінде ауданымызда халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды салу, ауызсумен қамтамасыз ету, электр беру желілерін қайта жаңғырту және газбен қамту мәселелері шешілетін болады.
Бірінші кезекте, жеке тұрғын үйлерге мұқтаж әлеуметтік осал топтарына және кезектілікте тұрған азаматтарға 156 пәтер сатып алынған.
Төретам және Ақай елді мекенін газбен қамтамасыз ету жұмыстарына 2,2 млрд теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Жосалы кентінде жаңадан ашылған «Тәуелсіздік» ықшам ауданының үйлеріне газ желілерін тарту құрылысы аяқталып, тұрғындар газбен қамтамасыз етілді. Жобаға 743,8 млн теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді. Нәтижесінде аудан халқының 78 пайызы табиғи газбен қамтамасыз етілді.
Дүр Оңғар ауылына дейінгі және ауылішілік газ желісінің құрылысының басталуына облыстық бюджеттен 1 млрд 721,3 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Дүр Оңғар ауылына газ жеткізіліп іске асқанда аудан тұрғындарының газбен қамту үлесі 82 пайызға жететін болады. Сонымен қатар, Жаңажол ауылдық округінің аумағындағы басқа 9 елді мекенге газ жеткізіп, аудан тұрғындарының 99 пайызын газбен қамтуға мүмкіндік болады.
– Басқа елді мекендерді газдандыру үшін Иіркөл және Төребай би ауылдарына дейінгі және ауылішілік газ желісінің жобасын әзірлеуге аудандық бюджеттен 39,3 млн теңге қаржы қаралып, жоба-сметалық құжаттары әзірленді.
Сондай-ақ «Автомобиль газ толтыру компрессорлық станцияларын салу және пайдалану» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Алаш метан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қармақшы ауданы аумағынан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің 616 шақырымынан жалпы көлемі 1,0 гектар жер телімі белгіленіп, нарықтық құны бағаланды, – деді Жандос Еркінбек.
Ауданды толық ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Жосалы кентіндегі «Тәуелсіздік» шағын ауданының тұрғын үйлеріне су құбыры желісін жеткізумен бірге, кентішілік су құбыры желісін салу жұмыстарына қомақты қаржыға жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан оң қорытынды алынып отыр. Жобаға қаражат бөлдіру мақсатында бюджеттік өтінім тапсырылған.
Елді мекендер халқын таза ауызсумен қамту мақсатында биылғы жылы Ақжар, Ақтөбе, Қуандария елді мекендерінде сумен жабдықтау құрылысын реконструкциялау жобаларына сараптаманың оң қорытындысы алынып, республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім жолданады.
Ауыл шаруашылығына, кәсіпкерлікке, ауыз суға тоқталған аудан әкімі электр желілерін жаң ғырту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
– Электр желілерді қайта жаңғырту бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі, себебі аудан бо йынша электр желілерінің тозығы жеткен. Осы орайда 4 елді мекеннің электр желілерін қайта жаңғыртуға қаржысы бөлініп, бүгінгі күні Ақтөбе және Т.Көмекбаев елді мекендерінде электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Иіркөл ауылында электр желілеріне жаңғырту, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, демеушілік есебінен Дүр Оңғар ауылының электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылысын бастауға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстарды жалғастыру мақсатында аудандық бюджеттен Қуандария, Ақжар, ІІІ Интернационал, Алдашбай ахун, Қармақшы ауылдарының электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қазіргі таңда бюджеттік өтінім жолдау жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ демеуші есебінен Тұрмағамбет ауылының электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Алдағы уақытта, кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, – деді аудан әкімі.
Ауданда халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыру мақсатында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақай, Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында денешынықтыру кешендерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, аталған нысандар осы жылы толық аяқталып, пайдалануға беріледі.
– Өткен жылы елді мекендерге заманауи 5 балалар және спорт алаңын салуға қаржы қаралып, алаңдар салынды. Соңғы 2 жылда аудан көлемінде 17 дана балалар және спорттық ойын алаңдары орнатылып, пайдалануға берілді. Ал Ақай ауылындағы денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болады.
Тағы да айта кететін қуанышты жаңалық тардың бірі – былтыр өткізілген «Үлгілі елді мекен» конкурсында «Үздік аудан» номинация сы бойынша Жосалы кенті І орын иеленіп, 4 дана арнайы техника сыйға берілді. Сонымен қатар, «Үлгілі елді мекен» номинациясы бойынша Қармақшы ауылына абаттандыру жобаларын қаржыландыруына 15 млн теңгенің сертификаты табысталып, биылғы жылы Қармақшы ауылындағы орталық алаңға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, – деген аудан басшысы жол жөндеу жайына тоқталды.
Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында инфрақұрылым саласын дамыту үшін, атап айтқанда жол жөндеу, көше жарығы, аяқсумен қамту бойынша қарқынды жұмыстар атқарылды.
Аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 160,0 шақырым. Оның ішінде 131,9 шақырымы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 28,1 шақырымы жөндеуді қажет етеді. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың шақырымын арттыру мақсатында облыстық бюджеттен 1 млрд 371 млн теңге қаралып «Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев» аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жалпы 27 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы қаралып, Қызылтам елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, 4,6 шақырым автомобиль жолына асфальт төселді.
Қармақшы ауданындағы аудандық маңызы бар жолдар барлық елді мекендерде тартылып, жөнделіп қазіргі кезде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 84 пайыздан асты. Ақжар ауылындағы А.Құнанбаев көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 90 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Төретам кентінің 3 көшесіне, Жосалы кентінің 2 көшесіне және Тұрмағамбет ауылындағы 5 кө шеге күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралып, көшелерінің жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен Жосалы кентінің 4 көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, жұмыстары толығымен аяқталды.
– Биылғы жылы да жолдарды жақсарту мақсатында 35 жобаға қаржы бөлініп отыр. Автомобиль жолдары саласындағы 2025 жылы жүзеге асырылатын ірі жобалардың бірі – «ТөретамАқай» айналма жолы. Жобаның құны 1,1 млрд теңге. Бүгінгі күні мердігер мекеме анықталып отыр. Бұл жолға жөндеу жұмыстары жүргізу арқылы Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіндегі 60 мыңға жуық тұрғын сапалы көлік қатынасына қол жеткізетін болады.
Көшелерді жарықтандыру жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Аудандық бюджет қаражаты есебінен Жосалы кентінің 4 көшесін жарықтандыруға және бағаналарға декоративті безендіру жарықтарын орнату жұмыстары, толық аяқталды. Сонымен қатар Көмекбаев, Иіркөл, Төребай би ауылдарының бір көшелерінен жарықтандыру жұмыстарына қаржы қаралып, толығымен игерілді, – деді Жандос Еркінбек.
Ауданды абаттандыру бойынша да былтырғы жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, Алдашбай Ахун, Дауылкөл, Қармақшы, Қуаңдария, Ақжар ауылдарының төлқұжаттарын жаңартуға қаржы қаралып, паспорттар орнатылды. Бұдан бөлек, Жосалы кентінің кіре-берісінде төлқұжатын орналастыру жұмыстары толығымен аяқталды.
Жазда суға шомылу маусымында аза маттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудандық бюджет есебінен қаржы бөлініп, Жосалы кентінен Сырдария өзінінің бойынан жағажай ашылды. Биылғы жылы бұл жұмыс жалғасын табатын болады. Нәтижесінде суға түсу маусымында оқушылар арасында ешқандай суға кету фактілері орын алған жоқ.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін Жосалы кентінің Жолдыбаев және Рысқұлов көшелеріне жаяу жүргінші жолдарын салу үшін аудандық бюджеттен 56,5 млн теңге қаржы бөлініп, жаяу жүргінші жолдары салынды.
2023 жылы басталған Шығыс каналы жағасын абаттандыру жұмыстарын аяқтауға, А.Құнанбаев көшесіне кіре беріс бөлігін және І.Мүсірбаев көшесінің бойын абаттандыруға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталды.
Алдашбай ахун ауылында «Тағзым алаңын» орнату, кіре беріс арканы ағымдағы жөндеу жұмыстарына, Майлыөзек көшесіне жаяу жүргінші жолына қаржы қаралып жұмыстар толығымен реттелді.
Ал Төретам кентінде автобустық 10 аялдама орнату жұмыстары және Қармақшы ауылындағы «Жеңіс» бағын қоршау жұмыстары толығымен аяқталды.
Аудандық маңыздағы 6,5 шақырымды құрайтын «Жалағаш - Жосалы - Марал Ишан» автомобиль жолы құрылысына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Жосалы кентінің тұрғындары үшін өзекті мәселенің бірі – Мырзағалиева көшесінде темір жол өткелі. Қазіргі таңда құрылыстың жобасметалық құжаттамасына қаржы қаралып, жобасы әзірленді.
Денсаулық сақтау саласы бойынша өткен жылы Дауылкөл, Ақжар және Жаңажол ауылдық округтерінде дәрігерлік амбулаториялар салынып, пайдалануға берілді. Ал жыл аяғында Қуаңдария және Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекеттерінің құрылысына бюджеттен қомақты қаржы қаралып, жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ былтыр 14 жаңа жедел жәрдем көлігі табысталды.
Еліміздің әл-ауқатын дамыту мен экономикасын жетілдіру жолындағы ұстанған бас ты басымдықтарының бірі білім беру саласы екені белгілі. 2023-2024 оқу жылында 15218 оқушы білім алып, 686 мектеп бітірушінің 649-ы, яғни 94,6 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, орташа баллдық көрсеткіші 86,0 пайызды құрады. Оның ішінде 54 түлек «Алтын белгі» және 67 түлек «Үздік аттестат» иеленді.
– Былтыр Ұлттық бірыңғай тестілеуге 649 оқушы қатысып 181 оқушы жүз және жүзден жоғары балл жинады. Нәтижесінде ауданымыз облыс бойынша үздік көрсеткішке қол жеткізді. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласындағы қазақ тілді балабақшаларға кезекте тұрған балаларды балабақшамен қамту мақсатында Ресей Федерациясына қарасты Байқоңыр қаласы әкімшілігінің теңгеріміндегі ғимараттарды Қазақстандық меншікке қабылдап, жөндеуден өткізіп, 240 орындық мемлекеттік және 120 орындық жеке балабақша ашылды.
№284 мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты спорт залының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. «Білімді қолдау Ұлттық қоры» арқылы Тұрмағамбет ауылындағы №29 орта мектептің 250 орынға арналған құрылысы үшін 1,9 млрд теңгеге бюджеттік өтінім жолданып, 2025 жылдың есебіне жаңадан салынатын құрылыстар тізіміне енгізілген, – деді аудан әкімі.
Әлеуметтік салаға келсек халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу өзекті мәселе. Жұмыс іздеуші ретінде Мансап орталығына хабарласқан 6545 адамның 1703 адамы бос жұмыс орындарына орналастырылған. Былтыр аудан бойынша 2352 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 2395 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ өткен жылы ауданда демеушілер есебінен 254,7 млн теңгенің жұмыстары жүргізілді.
Ауданда ардагерлердің еліміздің рухани астанасы – Түркістан қаласына саяхат ұйымдастыру дәстүрге айналған. Бұл игі іс-шара ардагерлерге көрсетілетін құрметтің бір көрінісі. Сонымен қатар, киелі Қорқыт ата және Марал баба кесенелерін зиярат ету шаралары жүйелі түрде өткізіліп келеді.
Былтыр «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 55 маманға көтерме жәрдемақы төленіп, 62 маманға тұрғын үй алуға несие берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласын әрдайым басты назарда ұстап, барынша қолдау көрсетіп келеді.
Осыған орай, Ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтап, құндылықтарды дәріптеу мақсатында былтыр аймағымызда «Руханият жылы» деп жарияланды. Осы жыл аясында ауданымызда бірқатар жоба жүзеге асырылды. Соның бірі аудан орталығында «Руханият орталығы» бой көтеріп, құрылысы аяқталды. Аталған орталықта музей, кітапхана, мұрағат, ардагерлер, әйелдер кеңесі, жастар ресурстық орталығы, қоғамдық ұйымдар, неке қию қызметі жұмыс жасауда.
– Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес 16 мәдениет, клуб үйлерінде жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелейтін үйірмелері бар «Адал адам» мәдени-тәрбие беру орталықтары жұмыстарын бастады. Былтыр жыл басынан бас тап 16 мәдениет және клуб үйлерінде 7 бағытта 1590 шара өткізіліп, оған 80 мыңға жуық көрермен қатысқан. Мәдениет ұйымдарына жаңадан 9,5 штат бірлігі берілді. Мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаржы бөлініп, мәдениет және клуб үйлерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды.
Өткен жылы аудан орталығынан шалғай жатқан Көмекбаев және Қуаңдария ауылдық округтерінің құрылғанына 60 жыл толуына орай мерейтой ұйымдастырылды. Биыл Жосалы ауылдық округінің 60 жылдық мерейтойын атап өту жоспарлануда, – деді аудан басшысы.
Ауданда денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны – 20 988 адам, яғни аудан халқының 40,5% құрады. Былтыр аудан үшін спорттық жетістіктерге толы жыл болды.
Жыл көлемінде аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 23 алтын, 14 күміс, 26 қола медальді иеленсе, Әлем чемпионатында 1 күміс, 1 қола, Азия чемпионатында 3 алтын, 1 қола медальді иеленді.
Ұлттық спортты дамыту мақсатында ауданда алғашқы рет демеушілер есебінен Ақтөбе ауылында құны 70,0 млн теңге болатын Ипподром құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін мемлекеттің балансына өткізілетін болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2024-2029 жылдар аралығында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы қабылданды. Осыған сәйкес, былтыр «Таза Қазақстан» республикалық акция аясында ақпан-желтоқсан айлары аралығында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, оған кент, ауылдық округтерде және аудан орталығында орналасқан барлық мекеме, кәсіпорындар белсенді қатысты.
Биыл аудан көлемінде 15000 түп әртүрлі ағаш көшеттерін отырғызу, 18000 ағаш түптерін әктеу, 2000 тұрғын үйлер мен ғимараттарды әктеуді және 130 шақырым аяқсу арықтарын тазалау жоспарлануда.
Сонымен қатар биылғы жыл – еліміз бен облысымыз үшін тарихи оқиғаларға толы болуы мен ерекшеленіп отыр. Атап айтқанда, биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы кеңінен аталып өтпек. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл айтулы даталарға орай арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспарланған барлық шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ел дамуы мен қоғамдық құндылықтарды нығайтуға бағытталады.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты көлемді сұхбатының «Ана тілі» газетінде жариялануы да қоғам үшін ерекше маңызға ие оқиға болды. Бұл сұхбатта елдің экономикалық және саяси дамуы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қатысты негізгі мәселелер мен бастамалар кеңінен талқыланды. Әсіресе, заң мен тәртіп қағидатын іске асырудың маңызы ерекше атап өтілді. Президент өз сөзінде: «Біз құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, оны өркендеген мемлекет ете алмаймыз. Сондықтан біздің міндетіміз – бұл қағидатты еліміздің құндылықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халық болмысының, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру қажет» деп, барлық қазақстандықтарды «заң мен тәртіпті» басты құндылық ретінде ұстануға шақырды.
Бұл сөздердің түйіні – еліміздің болашағы үшін заңға бағыну мен тәртіпті сақтау басты негіз екенін ұғыну. Президенттің пайымдауынша, біз тек құқық нормаларына құрметпен қарай отырып және тәртіпті биік ұстай отырып қана өркендеген, озық елге айнала аламыз, – деді аудан әкімі Жандос Еркінбек.
Сөз соңында аудан әкімі Президент Жолдауы мен тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағдарламалары мен Ұлттық жобаларын, сондай-ақ облыс әкімінің іс-қимыл жоспарын назарға ала отырып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі жүйелі жүргізетінін жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі