» » ЖАҢА ЖАБДЫҚ – САПАЛЫ МЕДИЦИНАҒА МҮМКІНДІК

ЖАҢА ЖАБДЫҚ – САПАЛЫ МЕДИЦИНАҒА МҮМКІНДІК

Бүгінде аймағымызда денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Соған сәйкес ауруханалардың материалдық-техникалық базаcын нығайту мәселесі де қолға алынуда. Осы орайда Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес 405 млн теңгенiң компьютерлік томография аппараты алынды. Жаңа жабдық халыққа сапалы медициналық көмек көрсету жұмысын жандандыра түспек.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов және Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин қаладағы көпбейінді аурухананың компьютерлік томография аппараты кабинетiнiң ашылуына қатысып, ұжымға тілектестік білдірді.
– Бұл – біздің қала үшін өте маңызды оқиға. Мемлекет басшысы, Үкімет пен облыс басшылығының ерекше қолдауының арқасында халықтың әлеуметтік жағдайының басты бір көрсеткіші болып табылатын медициналық қызмет көрсетудің сапасына зор көңіл бөліп келеді, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Аурухананың бас дәрігерi Сұлтан Кенжебаев пациенттерге сапалы медициналық қызмет көрсету деңгейін жоғарылатудағы жұмыстарды, алдағы жоспарларды атап өтті.
Айта кетейік, соңғы жылдары Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасы ның материалдық-техникалық жабдықталуында айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы 810 млн теңгеге аурухананы заманауи медициналық жабдықтармен қамту жүргізілді, оның ішінде «Компьютерлік томограф», «Сандық маммографиялық жүйе», «Рентгендік флюорографиялық станционарлық цифрлық аппараты», 5 санитарлық автокөлік және тағы басқа жабдықтар алынды.
Жаңадан іске қосылған аппараттар ауруды ерте анықтау, емдеу ісіне тың серпін беріп, қызмет сапасын жақсартады. Сол себепті алдағы уақытта медициналық қызметтерді одан әрі жетілдіру бойынша нақты қадамдар жоспарлануда.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
28 қаңтар 2025 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930