» » Қазақстанда тағы бір жол ақылы болады

Қазақстанда тағы бір жол ақылы болады

Фото: "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі
2025 жылғы 26 қаңтардан бастап "Қызылорда - Арал" жолы ақылы болады, - деп хабарлайды qarmaqshy-tany.kz Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көлік министрлігінің 2025 жылғы 9-қаңтардағы №6 бұйрығына сәйкес, Қызылорда мен Арал қалаларын байланыстыратын автожол автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады. Дәлірек айтқанда, ІІ техникалық санаттағы ұзындығы 454 шақырым жол учаскесі ақы алу жүйесіне 2025 жылғы 26 қаңтардан бастап іске қосылады. 
"Республикалық маңызы бар РФ шекарасы (Самара) - Шымкент автожолының Қызылорда - Арал учаскесінде 6 бақылау арка және клиенттермен жұмыс істейтін орталық бар. Аркаларда орнатылған камералар ақылы учаскелерде автомобильдердің қозғалысын, олардың жылдамдығы мен қарқындылығын, жолдағы жағдайды және тағы басқаны тіркейді. Сондай-ақ, учаскедегі жағдайды kaztoll.kz сайтындағы "Онлайн трансляция" бөлімінде көруге болады", - деп хабарлады компания. 
"ҚазАвтоЖол"-дың мәліметінше, автожолда төлем бекеттері болмайды, оның орнына ыңғайлы "ашық" төлем жүйесі қолданылады. Шлагбаумдар мен өткізу пункттері қойылмағандықтан кептелістер болмайды, бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сапар уақытын қысқартады.
Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Пайдаланушылардың қолайлығы үшін төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар: Payway.kz сайтында, интернет-банкингтер, төлем терминалдары мен электрондық әмияндар, ұялы телефон балансынан, Е100 жанармай картасы арқылы және заңды тұлғалармен келісім шарт жасау.
"Алдын-ала төлем әлдеқайда арзан болғандықтан, төлемақыны уақтылы жасауға кеңес береміз", - делінген хабарламада. 
Бір бағыттағы (454 шақырым) төлем мөлшері:
  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем – 2 840 теңге, кейінгі төлем – 3 330 теңге;
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін  алдын-ала төлем – 5 750 теңге, кейінгі төлем – 6 740 теңге;
  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопоездар үшін алдын-ала төлем – 8 570 теңге, кейінгі төлем – 10 100 теңге;
  • жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары және 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем – 11 470 теңге, кейінгі төлем – 13 470 теңге;
  • жүк көтергіштігі 15 тонна жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін  алдын-ала төлем – 14 290 теңге, кейінгі төлем – 16 830 теңге.
Айта кетейік, жеңіл көлік иелері Қызылорда - Арал жолын тегін пайдаланады. Жергілікті тұрғындар үшін бір айлық және бір жылдық абонементтер қарастырылған. 

22 қаңтар 2025 ж. 69 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031