» » Қызылорда аумағындағы 812 шақырым жолды ақылы ету жоспарлануда

Қызылорда аумағындағы 812 шақырым жолды ақылы ету жоспарлануда


Қызылорда облысының аумағынан өтетін республикалық маңызы бар ұзындығы 812 шақырымды құрайтын Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қаласы автомобиль жолдары биылғы жылы ақылы жолға өтуі жоспарланды.
Жоспарға сәйкес, 9 жерге автомобиль аралық бақылау аркалары орнатылып, 3 жерден жүйені пайдаланушыларға қызмет көрсету орталықтары ашылды. Сондай-ақ елімізде төрт жыл ішінде 11 мың шақырым автожол ақылы жүйеге ауысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Ерұлан Жүнісов хабарлады.
«Қазіргі таңда 7 жаңа ақылы учаскені пайдалануға енгізу туралы бұйрыққа қол қойылды және Әділет министрлігінде тіркелуде. Бұйрыққа сәйкес, І-ші техникалық санаттағы учаскелердегі ақылы жүйе 15 қарашадан бастап енгізілді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп аталған трассаларда ақы алудың «ашық» жүйесін енгізу шешімі қабылданған. Бұл жүйе ақылы учаскелерде шлагбаумдардың мүлде болмауымен ерекшеленеді. Олардың тарифіне келер болсақ, жеңіл көліктерге 1 шақырымға 1 теңге көлемінде, ал жүк көліктеріне және автобустарға техникалық көлемдеріне байланысты 5 теңге мен 25 теңге аралығында болмақ», – деді Ерұлан Бақтыбайұлы.«Ақылы жолдар жобасы 2019 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қабылданды. 2021 жылдың ақпан айының 15-19 аралықтарында төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, әрбір аудандарда, облыс орталығында ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Бұндай тыңдаулар барлық облыстарда өтуде. Жалпы қорытынды бойынша барлық аймақтардан ұсыныс-пікірлер жинақталуда», – деді автомобиль бөлімінің басшысы Нұртай Қуанышбаев.



26 қараша 2021 ж. 316 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930