» » Қар, жаңбыр, көктайғақ: Еліміздің бірқатар аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қар, жаңбыр, көктайғақ: Еліміздің бірқатар аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қазақстанның аймақтарында ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, бұрқасын жауып, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ертең, 3 қаңтарда Көкшетауда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20, екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді.
3 қаңтарда Маңғыстау облысының орталығында тұман түседі. Қостанай облысында түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
3 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде және шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстікте оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың шығысында 15-20 м/с., түнде екпіні 23 м/с жетеді.
Өскеменде ертең таңертең және кешке қарлы боран соғады.
Семейде 3 қаңтарда күндіз қарлы боран мен көктайғақ күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады.
3 қаңтарда түнде Қарағанды облысының оңтүстігі мен батысында аздаған жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігі мен батысында, күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын болып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде кей жерлерде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Ертең Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 
Сіздің реакцияңыз?
03 қаңтар 2025 ж. 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 424
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 231

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930