» » Қар, боран және көктайғақ: Қазақстанның 16 өңірінде және Астанада ескерту жарияланды

Қар, боран және көктайғақ: Қазақстанның 16 өңірінде және Астанада ескерту жарияланды

Астанада және еліміздің 16 облысында қалың қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады және боран соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулыаудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертен және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақытта 30 м/с және одан асуы мүмкін.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, тұман түседі.Қарағанды облысының күндіз шығысында қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі.Астанада түнде бұрқасын және көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын.
Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с. Көкшетауда жолда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында күндіз бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.Жетісу облысыныңсолтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, Алакөл көлі ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аймағында қатты жаңбыр жауады. Күндіз таулы аудандарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23-28 м/с.
Шымкент қаласында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, жолда көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын болуы мүмкін. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, күндіз 3-8 градус жылы болады. Өскеменде жауын-шашын, жолда көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, күндіз 3-8 градус жылы болады. Өскеменде жауын-шашын, жолда көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 17-22 м/с.Абай облысында жауын-шашын, жолда көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, батысында бұрқасын болуы ықтимал. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-3 градус жылы, күндіз 3-8 градус жылы болады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 23-28 м/с.
Фото: kolesa.kz
03 наурыз 2023 ж. 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 003

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031