» » 13 өңірде ескерту жарияланды

13 өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» Астанада және еліміздің 12 облысында жел күшейіп, жауын-шашын түсіп, көктайғақ болатынын хабарлады деп жазады turkystan.kz.
2 наурызда Астанада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні – 15-20 м/с.
Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні – 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында – 23-28 м/с. К
Күндіз Қызылорда облысының орталығында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.
2 наурызда түнде Қостанай облысының басым бөлігінде қар, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде – қарлы боран. Облыстың оңтүстігінде тұман мен көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде – 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні – 23 м/с, күндіз екпіні – 15-20 м/с.
2 наурызда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.
2 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған қарлы боран күтіледі. Бүгін түнде облыстың шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с, облыстың басым бөлігінде екпіні – 23-28 м/с.
Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түседі. Батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20, кейде 23-28 м/с дейін барады.
Күндіз Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, батысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), қар жауады, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады.
Павлодар облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), қар жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с.
02 наурыз 2023 ж. 539 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031