» » Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қарлы боран, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қарлы боран, көктайғақ болады

Елордада және еліміздің 13 облысында тұман түсіп, қатты жауын-шашын жауады, көктайғақ болады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғып, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
3 қарашада түнде Астанада көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыс орталығында екпіні 15-20, күндіз 23 м/с дейін жетеді.
Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, түнде солтүстікте және облыс орталығында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда 3 қарашада кей жерлерде жаңбыр жауып, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с болады.
Ақмола облысының батысында, шығысында көктайғақ, баяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғып, түнде шығыста, күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қарағанды облысының шығысында және оңтүстігінде таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз солтүстік және шығыс бөлігінде екпіні 17-22 м/с дейін жетеді.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғып, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Оралда 3 қарашада түнде және таңертең көктайғақ болып, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыс, батыстан жел соғып, түнде жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Ұлытау облысының солтүстік бөлігіндегі жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, солтүстікте, шығыста және облыс орталығында екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Жетісу облысының орталығында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желАлакөл ауданында екпіні 15-20 м/с болады. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде батыс, оңтүстік, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында – тұман, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстікте, шығыста жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанайда күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, түнде батыста, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін көтеріледі. Павлодарда 3 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде екпіні 18 м/с дейін жетуі ықтимал.

03 қараша 2022 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031