» » Еліміздің 19 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Еліміздің 19 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шығыста, оңтүстікте, Абай ауданының орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан, орталықтан, облыстың оңтүстігінен 15-20 м/с дейін жел соғады. Семей қаласында түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігі мен батысында бұрқасын болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с дейін жетеді, ал облыстың солтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады. Күндіз Көкшетау қаласының жолдарында көктайғақ күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстік жартысында баяу бұрқасын байқалады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың солтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ақтөбе қаласында көктайғақ болжанып отыр. Бүгін түнде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысып, түнде екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Астана қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, аздаған бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 17-22 м/с дейін жетеді. Атырау қаласында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 17-22 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (негізінен қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с дейін жел соғады. Өскемен қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Синоптиктердің айтуынша, Жетісу облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде аздаған қарлы боран соғады. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады. Орал қаласында түнде қарлы боран соғады.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Түнде Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады, күндіз облыстың бірқатар бөлігінде жауын-шашын, боран (қар, жаңбыр) күтіледі. Облыс орталығында көктайғақ болып, тұман түседі. Қостанай қаласында бұрқасын жел тұрады. 
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, облыс орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қаласының кей жерлерінде тұман түседі.
Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Ақтау қаласында солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында бұрқасын күтіледі, күндіз көктайғақ болады. Петропавл қаласында аздаған қарлы боран күтіледі. Күндіз көктайғақ болады. 
Мамандардың болжамына сәйкес, Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі. Түркістан қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін соғатын жел күтіледі.
Шымкент қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады.
7 қаңтарда Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында қар аралас жауын-шашын күтіледі.
07 қаңтар 2023 ж. 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 169

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 295

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930