» » ХАЛЫҚ ЖЫЛАН ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕДІ?

ХАЛЫҚ ЖЫЛАН ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕДІ?

Жылан жылын қазақтар аса сақтық қажет ететін жыл деп санайды. Бұл жылда адамдар бір-біріне са- бырлы, шыдамды болуы керек. Өйткені аталмыш қасиеттер жыланның символы болып саналады.
Жылан жылы табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтын, жайлы жылдар қатарында. Мұндай жылда қиындық пен өзгерістер аз болады деп сенеді. Сонымен қатар бұл жылы адамдар білім мен рухани жетілуге көбірек көңіл бөлуі керек деп сенген.
Халқымыз жыланды киелі деп есептеген. Оның үйге кіріп келуі жақсылықтың немесе үй иесіне байлықтың белгісі деп түсінген. Жыланға зиян келтіру – жаманшылық шақырады деген наным бар. Үйге кірген жыланға ақ құйса, ол бейбіт жолмен адамдарға зиянын тигізбей шығып кетеді деген түсінік қалыптасқан. Кейбір нанымдар бойынша жылан адамды бәле-жаладан қорғайтын киелі күштің белгісі болған. Жыланның бейнесін ою-өрнекке түсіру арқылы үйге қауіп төнбейді дейді. Мұнан өзге жылан шаққан адамның өмірі өзгереді деп есептеген. Оған ерекше рухани қасиеттер даруы мүмкін деп сенген.
Жылан жылын қалай қарсы алу керек?
Жылан жылы өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктерге дайын болуды меңзейді. Бұл жыл адамға өз өмірін қайта қарап, жаңа жоспар құруға мүмкіндік береді. Қазақ халқы үшін жылан жылы тек жыл қайыру жүйесінің бір бөлігі ғана емес, терең мағыналы кезең. Бұл жыл сабырлық пен ақылмен әрекет етуге шақырады, ал қиындықтардан сабақ алудың және жаңа деңгейге көтерілудің мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Жылан жылы келгенде қазақ халқы үмітпен, сақтықпен және жаңа бастамаларды дайындықпен қарсы алған.
Дәстүрлі нанымдарда жылан жылы өздігінен қауіп төндірмейді. Тек адамдарды ойланып әрекет етуге шақырады. Егер сіз жылан жылында жаңа жетістіктер мен рухани өзгеріс күтсеңіз, бұл уақыттың энергиясын дұрыс пайдалану маңызды деп есептеледі.
Жылан жылы туғандар жайлы қызық дерек
«Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» деуші еді. Бірақ Жылан жылы туғандарды сұлу сөзбен сиқырлап, қақпанға түсіремін деп ойлаудың өзі әбестік. Олар кез келген жағдайдың түбіне терең бойламай, шешім қабылдамайтындардың қатарынан.
Сырт көзге ұяң, маңызды істерден қашқақтап жүреді. Басына пәле болып жабысатын нәрсе – тілі. Бойдағы бар күш-жігерді сарқуға тырыспаңыз. Қолда бардың қадірін бағалаған жөн. Өзгенің пікіріне мән беріп, күмәндана бергенді қою керек.
Отбасында оны-мұны жағдайлар орын алса, аса көп уайымдаудың қажеті жоқ. Қай іске кіріссеңіз де, түбінде одан жеңімпаз болып шығасыз. Алайда шаруа деп орынсыз шаршай берудің де пайдасы шамалы. Күшіңізді бағаламай, әрбір іске кірісе берудің қажеті жоқ. Сезім мәселесінде жарқын өзгерістер сезілмейді. Сондай-ақ ақша жағынан да «алақайлайтын» сәттер аз. Ал шығармашылық жолындағы жандар үшін бұл жылды сәтті деп санауға болады. Жыл аяғында асығыңыз алшысынан түсіп, бір жақсылыққа кеңелуіңіз мүмкін.
Дайындаған
Ақнұр САҒЫНТАЙ
02 қаңтар 2025 ж. 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 213
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031