» » Жылан бауырын көтерсе...

Жылан бауырын көтерсе...


Қазекем табиғаттың барлық құбылысын тіршілікпен байланыстырып, болжай білген. Бұл халықтың табиғатпен етене жақын болғанын аңғартады. «Жаңа туған ай шалқасынан жатса, ауа райы жайсыз болады» дегенді бала күнімізден тыңдап өстік емес пе?
Жуырда әлеуметтік желіден қыс­тыгүні қар үстінде жүрген жыл­анның бейнежазбасын көріп, шетімізден таңқалыстық. Қыс ортасында қар бетіне шыққан жыланның бейнежазбасы қызу талқылануда. Алайда, тараған жазбаның қайда түсірілгені белгісіз. «Жылан бауырын көтерсе, ел толқиды» деген сөзді алға тартып, елдегі күрделі жағдаймен байланыстырғандар арамызда көп болды. Бейнежазбаның желісі мынадай.
– Қайырлы күн баршаңызға. Мына жылан қыста шығып жүр екен. «Жылан бауырын көтерсе, ел толқиды дегенді естігенім бар еді», бірақ жылан қыста шықса нені білдіретіні жайлы естімеппін. Осы жайлы ой қосар замандас болса айта отырғаны жақсы болар еді, – деп жазды автор.
Видеоны түсірген адам «2022 жыл, қаңтардың 3-і, жыланды қара» деп таң қалады. Мұны көрген көпшілік түрлі болжам айтты. Біреуі «жыланның қыс ортасында шығуы жақсылық емес, елдегі бүлікті білдірген» десе, енді бірі «жылан ақ баспайды, ақ қардың үстінде жатуы жақсы емес, арты жақсы болсын» деп тіледі. Бірқатар оқырмандар «80 жылдардың басында Алматы көшелерімен жылан көшіп, көп ұзамай Желтоқсан оқиғасы болды» деп еске алды. Дегенмен басым көпшілігі бұл оқиға жай ғана қыстың жылы болғанын көрсетеді деп топшылады.
Қарда жылан жорғаласа, Мәшһүр Жүсіп айтқандай «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заман» бас­талып, ел мамыражай тыныштыққа, Алланың жылуына бөленіп, бақытты шаққа енеді екен десті талайы.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, біз де мұны жақсылыққа баладық. Оның үстіне әлгінде әлеуметтік желіден қар астынан бүр жарып келе жатқан бәйшешекті де көрдік қой? Бұл – жақсылықтың лебі екені анық. Ал сіз қалай ойлайсыз, оқырман?

Айнұр ӘЛИ
25 қаңтар 2022 ж. 4 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 351
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930