» » Әлеуметтік жәрдемақы мөлшері қандай?

Әлеуметтік жәрдемақы мөлшері қандай?

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»
Жыл басынан бері мүгедектігі бар жандарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 560 млрд теңге жұмсалған. Осыған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 73,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлем төленген.
Желтоқсанға дейін елде мүге­дектігі бойынша мемлекеттік әлеу­меттік жәрдемақы алатындар саны – 539,5 мың адам, асыраушысынан айырылу бойынша – 188,3 мың адам. Мүгедектігі жөнінен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мү­ге­­дектіктің тобына, себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асырау­шының асырауындағы адам­дардың санына, қайтыс болу себеп­теріне, ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарай белгіленген.
Бұдан өзге, міндетті әлеуметтік сақ­тандыру жүйесіне қатысу­шыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер төленген. Жыл басынан 1 желтоқсанға дейін 101,1 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем шамамен 67,2 мың отбасы асыраушысынан айы­рылу бойынша әлеуметтік төлем алған. Төлемдердің мөлшері кейінгі екі жылда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік аударымдар жүр­гі­зілген орташа айлық табыс, ең­бекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар санына, міндетті әлеу­мет­тік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі, табысты ауыстыруына байланысты белгіленген. Бұл рес­пуб­ликалық бюджеттен төле­нетін жәрдемақыларға қосымша төлемдер.
Биыл қаңтардан мүгедектігі, асыраушысынан айырылу жағ­дайы бойынша мемлекеттік әлеу­меттік жәрдемақылардың мөл­шері ең төмен күнкөріс дең­гейінің ұлғаюына байланысты 7%-ға өскен еді. Үкімет шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу, асыраушысынан айырылу бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің мөлшері де 7%-ға артқан. Сөйтіп, мүгедектігі бо­йынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 1-топ үшін – 95 496 теңгені, 2-топ үшін – 76 397 теңгені, 3-топ үшін 52 089 теңгені құраған. Желтоқсандағы жағдайға зер салсақ, еңбекке қабі­леттілігінен айырылу жөнінен әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 59 826 теңге, асыраушысынан айырылу бойынша 64 619 теңге шамасында болған.
Желтоқсанға дейін 77,6 мың отбасындағы 411,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайын­далған. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 54,7 млрд теңге қарастырылған. Атаулы әлеуметтік көмектің не­гізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару. Мысалы, табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеу­меттік көмек тағайындалады. Табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беріледі. АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 128,8 мың балаға 5 млрд теңге көлемінде қосымша төлем тағайындалған. Бұдан бөлек, жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, қажет болған жағдайда біліктілікті арттыру курстарына жіберу, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қарастырылған. Ел азаматтары атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тұр­ғылықты жеріндегі мансап орта­лығында, ауыл округінің әкі­міне немесе Электрондық үкімет порталы, яғни egov.kz арқылы бере алады. 
egemen.kz
31 желтоқсан 2024 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 189
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031