» » Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы өсті

Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы өсті

Фото Арман Мухатов

1 қаңтардан бастап мүгедектігі бар адамдарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдердің мөлшері көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне қарай өседі. 2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңгені құрайды. Осыған байланысты мүгедектігі бар адамдарға бюджет есебінен ай сайын төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері де артады.

7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейі = 69 885 теңге;

I топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 95 495 теңге;

II топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі = 79 435 теңге;

III топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі = 69 885 теңге төленеді.

бала кезінен I топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 95 495 теңге;

бала кезінен II топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі = 79 435 теңге;

бала кезінен III топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі = 69 885 теңге беріледі.

бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 95 495 теңге;

екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,76 ең төмен күнкөріс деңгейі = 76 396 теңге;

үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 52 088 теңге.

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға ай сайын 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі не 69 885 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

Сондай-ақ I топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға да онымен туыстық байланысына қарамастан жәрдемақы тағайындалады. Оның мөлшері 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі немесе 69 885 теңгені құрайды.

Бұдан бөлек Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 7%-ке өседі.

baq.kz​​​
02 қаңтар 2024 ж. 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031