» » 1 қаңтардан бастап жәрдемақы мөлшері өседі

1 қаңтардан бастап жәрдемақы мөлшері өседі

Kyzylorda-news.kz. Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 8,5%-ға артады, деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Биылғы жылдың 11 айында қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 402 млрд теңгеден астам қаражат төленді. 2022 жылғы қараша айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 28,5 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша - 9,3 млрд теңге бөлінді.
2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 527,7 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 184,3 мың адамға жетті.
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.
2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 54 062 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 50 368 теңгені құрады.
26 желтоқсан 2022 ж. 723 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 299
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 749

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930