МӘМС: Ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдердің мөлшері қосымша өсті
Жұмыс істейтін азаматтар бұл төлемдерді базалық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша алады.Қордан еңбекке қабылеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді 81665 адам, оның ішінде Қызылорда облысы бойынша 3011 адам алуда. Егер бюджеттен алатындар үшін мүгедектік бойынша жәрдемақының орташа мөлшері 54 608 теңгені құраса, ал Қордан төленетін төлемді қоса есептегенде жалпы сома 84 353 теңгені құрайды.
Қордан асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді 54215 адам,оның ішінде Қызылорда облысы бойынша 2528 адам алуда. Егер бюджеттен алатындар үшін асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақының орташа мөлшері 45 627 теңге болса, ал Қордан төленетін төлемді қоса есептегенде жалпы сома 76 443 теңгені құрайды.
Осылайша, жұмыс істейтін азаматтардың төлемдерінің орташа мөлшері жұмыс істемеген алушылармен салыстырғанда шамамен 30 мың теңгеге жоғары.
Сонымен бірге, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты Қордан 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемді ең төменгі деңгейде алушы 244000-ға жуық, оның ішінде Қызылорда облысы бойынша 14556 адамға төлем мөлшері ұлғайтылды.Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің ұлғайтылған сомасы ағымдағы жылдың маусым айында сәуір, мамыр және маусым айларына төленетін болады.