» » ҚР «Тіл туралы заңының» 21-бап талаптарына сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді

ҚР «Тіл туралы заңының» 21-бап талаптарына сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Тіл - мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі.
Мемлекет басшысы киелі тіліміз туралы, «Қазақ елі барда, қазақ тілі де өмір сүреді. Өседі. Өркендейді. Ұлтымыздың ұлы тілі – мәңгілік»,-деді.
Осы орайда, «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ғ.Ақжігітов және «Халықаралық қазақ тілі қоғамы» филиалының қызметкері Г.Бисенқұлова,аудандық кент әкімдігі және аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің қызметкерлері көрнекі ақпараттарда мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлік нысан иелеріне және сауда объектілеріне «ҚР Тіл туралы Заңының» 21-бап талаптарына сай түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмыстары барысында сауда объектілерінің заңнама талаптары бойынша мемлекеттік тілде жұмыс жасау ұсынылды және аталған заңның 21 бап талаптарында, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштер, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекі ақпарат *мемлекеттік тілде* жазылатындығы, тек қажет болған жағдайда ғана орыс тілінде немесе басқа тілде жазылатындығы айтылды.
Тіл мәселесі- біздің еліміздің ең жанды жері, ең маңыздысы мемлекеттік деңгейде болғандықтан, соған лайық елдік әрекет, үлкен серпіліс болар деген сенімдеміз. Себебі тілге құрмет — елге құрмет екендігін ұмытпайық!
19 желтоқсан 2024 ж. 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 420
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930