» » Бүгін түнде Қызылордадағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 43 адам эвакуацияланды

Бүгін түнде Қызылордадағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 43 адам эвакуацияланды

Түнде Қызылорда қаласы Батырбаев көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабаттағы пәтерінде тұрмыстық заттар өртенді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
ТЖМ күштері 40 адамды, оның ішінде 13 баланы, автосатының көмегімен тағы 3 бала эвакуациялады.
– Медицина және апаттар орталығының қызметкерлері және жедел жәрдем бригадасы тұрғындарға көмек көрсетті. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ – делінген хабарламада.
Сондай-ақ түнде Аягөз қаласынды Қабанбай көшесі бойында тұрған трансформатор өртенді.
– Ауа-механикалық көбікті қолданған өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ – делінген таратылған ақпаратта.
Ал Алматыда Талант көшесі бойында жеке тұрған ғимаратта 16 шаршы метр алаңын өрт алып, өрт сөндірушілер өрттен бір газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарып жарылыстың алдын алды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Осыған дейін елімізде орман өртін ерте анықтайтын жүйе енгізіліп жатқаны туралы жаздық.
19 желтоқсан 2024 ж. 306 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 257
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 799

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930