» » Батыр азамат бір отбасының 7 адамын өлімнен аман алып қалды

Батыр азамат бір отбасының 7 адамын өлімнен аман алып қалды

Батыл азамат бір үйдің 7 адамын тілсіз жаудан аман алып қалған. 


Оқиға Темір ауданы Шұбарқұдық ауылы Жаңақұрылыс көшесі №1 жеке үйде орын алған. Үйдің кіреберісі және шатыры өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен соң, Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №16 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамынан 6 адам, 2 автокөлік шыққан.
"Өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті байқаған көршісі Медет Қалмұханов терезені сындырып, үй ішіне кіріп, ұйықтап жатқан 7 адамды, оның ішінде 3 бала, 1 жүкті әйелді далаға шығарып үлгірген. Ол өзінің сол сәтте бір минутқа да кідірмей, бір отбасыны аман алып қалғанына қуанышты", - делінген хабарламада.
Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі төрт минут ішінде жеткен. 100 шаршы метрден асатын үйдің шатыры мен кіреберістің өртенуі сағат 05.04-те оқшауланып, сағат 05.56-да өрт толық сөндірілді. Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментімен Төтенше жағдайлар комитетіне Медет Қалмұхановтың батырлық әрекеті үшін ведомстволық наградамен марапаттау туралы ұсыныс хат жіберілді.


25 мамыр 2020 ж. 1 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 078
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031