» » Алматыда хостел өртенді: 13 адам қаза тапты

Алматыда хостел өртенді: 13 адам қаза тапты


30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.
Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді. Өрт Әди Шәріпов көшесіндегі бірінші қабаты мен жертөлесі хостелге айналған тұрғын үйде болған.
«Келген бойда 1 қабаты және жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің жанып жатқаны анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр. Өрт 06:22-де жойылды», – делінген хабарламада.
Өрт сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр.
Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған.
syrboyi.kz
30 қараша 2023 ж. 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 222
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 403

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30