» » ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ


Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңажылдық шырша шамын жағу рәсіміне қатысты.
Іс-шарада аймақ басшысы тұрғындарды алдағы Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
«Жаңа жыл – жұртшылықтың асыға күтетін мерекесі, жайдары көңіл-күймен, зор үмітпен алға ұмтылатын айрықша сәт. Санаулы күндерден соң тарихқа айналатын 2024 жыл өңіріміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында облысымыз қарқынды өркендеу жолына түсті. Әлеуметтік-экономикалық дамуда оң тенденция қалыптасты, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындамыз.
Халықтың әл-ауқатын, өмір сүру сапасын жақсарту үшін баспанамен қамту, сапалы инфрақұрылым жүргізу бағытында нақты шаралар қабылдадық. Алдымызда айқын міндет, анық жоспарымыз бар. Өтер жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Жаңа 2025 жыл еліміз бен аймағымыз үшін берекелі, табысты болғай! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-ынтымақ тілеймін!», – деді аймақ басшысы.
Бас шыршаны жағу мәртебесі өз саласында үздік атанған жерлестерімізге – самбодан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы 6 дүркін ел чемпионы, жасөспірімдер арасында 2 дүркін Азия чемпионы, 2 дүркін Әлем чемпионы, спорт шебері Нұржан Тумырзаевқа, №187 М.Шоқай атындағы мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы, «Кенгуру лингвистик» халықаралық сайысының, «Зерде» республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы Аяулым Әбдіқадырға берілді.
Мерекелік іс-шара көңілді концертпен жалғасты. Жергілікті өнерпаздар Айсұлу Әбді, Динара Қыдырбай, Аружан Төреғали кеш қонақтарына ән-жырдан шашу шашты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

18 желтоқсан 2024 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930