» » Жарқыра, шырша шамдары

Жарқыра, шырша шамдары

Сейсенбіде орталық алаңда шырша шамы жағылды. Аталмыш шараға Аяз ата, Ақшақар мен оның достары өткен қоян жылын шығарып салып, ұлу жылын қарсы алды. Алаңда жиналған қауымның қарасы қалың. Күллі жұрт осы бір керемет көріністі тамашалауға жиналған. Барлығының көңіл күйі көтеріңкі. Әрі ауа райы да – тамаша. Кішкентай балақайлар да «Аяз аталап» тұр. Кештің көркін кіргізген аниматорлар осында жүр. Бір бұрышта әсем әннің ырғағымен тербелген жастар да табылады. Үлкендеріміз де осында, немерелерін жетелеп келіпті.
Салтанатты рәсімде аудан әкімі Жандос Еркінбек құттықтау сөз алып, ауданның өткен жылдағы толағай табыстарымен бөлісіп, аудан халқын санаулы күннен кейін келетін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
– Бүгiн баршамыз орталық алаңның сәнін кіргізіп тұрған шыршаның шамын жағып, мерекелiк шараларды бастауға жиналып отырмыз. Жаңа жыл – бәріміз ақ пейілмен асыға күтетін, қуанышқа толы ең жайдары, келер күнге мол сенім артатын ерекше мереке. Қоян жылы ауданымыз үшін ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен есте қалды. Жаңа жыл баршамызға жақсылық әкелсін. Әрбір бастаған жұмыстарымыз табысты аяқталып, ынтымағымыз нығая берсін! – деп лебізін білдірді.

Мұнан соң жарқыраған отшашу атылды. Мерекелік кешке келген кент тұрғындары мен қонақтар аудан өнерпаздарының өнерін тамашалап, мерекелік көңіл-күйде тарқасты. Осылайша ауданда шырша шамы жағылды.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
01 қаңтар 2024 ж. 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 408
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930