Жаңа жыл 2024: Мерекелік шырша шамы жағылды
Аудан ажары бүгін ерекше сұлулана түскен. Жақындап келе жатқан мерекенің дүбіріне қоса Жаңа жылға безендірілген кенттің көрінісі аудан тұрғындары мен қонақтарына мерекелік тамаша көңіл-күй сыйлағандай. Жалпы, ауданда соңғы жылдары Бас шыршаны жағу рәсімі игі дәстүрге айналып үлгерді. Ауданның Бас шыршасымен бір мезгілде, кенттер мен ауылдардағы барлық шыршалардың шамдары жағылатын бұл шараның өтуі жылдағыдан өзгерек болды.
"Жаңа жыл – біздер, жастар, бүлдіршіндер асыға күтетін отбасылық мейрам. Сондықтан, біз балалар жақсы көретін мерекеде шыршаны орнаттық. Ендеше, жаңа жыл баршамызға жақсылық әкелсін! Әрбір бастаған жұмыстарымыз табысты аяқталып, ынтымағымыз нығая берсін!" – деп Жандос Еркінбекұлы лебізін білдірді.
Мерекелік шарада Аяз ата мен ақшақарлар мерекелік шеру ұйымдастырып, ертегілер әлемінің әртүрлі кейіпкерлері балалармен ән шырқап, би биледі. Алып шырша жарқыраған ойыншықтар мен жарықшамдар орнатылған.
Қармақшы ауданының негізгі мерекелік іс-шаралары 20 желтоқсаннан бастау алды. Мұнымен қоса барлық деңгейдегі мәдениет және білім ұйымдарында түрлі форматтағы мерекелік концерттер өткізілуде. Бүгінгі шырша шамын жағу салтанаты әсерлі отшашумен аяқталды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі