» » Құрылыс нысандарына бақылау жүргізілді

Құрылыс нысандарына бақылау жүргізілді


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына мониторинг жасау мақсатында аудан әкімінің орынбасары Айдын Әнуар бірқатар нысандарды аралады.

Алдымен аудан әкімінің орынбасары «Байқоңыр қаласын сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта жаңарту» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты. Ауқымды жоба аясында 94,6 км су құбыры мен 84,6 км кәріз желілерін ауыстыру жоспарланып отыр. Жоба Байқоңыр қаласындағы инженерлік инфрақұрылымды жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Одан кейін аудан әкімінің орынбасары Ақай ауылындағы денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын тексерді. Бұл нысан жергілікті халықты салауатты өмір салтына тартуға және жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасауға арналған.

Сонымен қатар, Қармақшы ауылдық округіндегі жаңадан салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік бекеттердің құрылыс барысы да назардан тыс қалмады. Бұл нысандар алғашқы медициналық көмек көрсетуді жақсартып, ауыл тұрғындарына қолжетімді сапалы медициналық қызмет ұсынуды мақсат етеді.

Сапар соңында аудан әкімінің орынбасары аудандық маңыздағы «Жалағаш-Жосалы-Марал Ишан» автомобиль жолы 6,5 шақырым жол құрылысына жүргізілген жөндеу жұмыстарын көрді.

Аудан әкімінің орынбасары әр нысанда құрылыс жұмыстарының сапасын, мерзімінде аяқталуын және қауіпсіздік талаптарының сақталуын ерекше назарға алды. Сонымен бірге, жауапты мердігерлерге жұмысты сапалы әрі уақытылы орындау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

15 желтоқсан 2024 ж. 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 420
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930