» » ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР – ЕҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР – ЕҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

«Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция» аясында Дүр Оңғар ауылындағы No107 орта мектепте жалпы білім беру ұйымдарының жас мамандары арасында «Есірткісіз өмір – ең жарқын болашақ» тақырыбында дебат турнирінің аудандық кезеңі өтті. Оған ауыл мектептерінің жас мамандары қатысып, нәтижесінде аудан прокуроры мен аудандық білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Іс-шараға қатысқан аудан прокуроры Мейрамбек Жаңбырбайұлы және аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Мәжитқызы құқықбұзушылық профилактикасы, есірткінің зардабы және жаман әдеттерден аулақ болу бағытында өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Жиын соңында мектеп оқушылары есірткінің зардабы туралы қойылым көрсетіп, «Нашақорлыққа жол жоқ!» жобасы аясында жас сурет салушылар, үздік эссе авторлары және жас спортшылар марапатталып, бұған дейін акция аясында жүргізілген спорттық және мәдени шараларда үздік көрсеткішке қол жеткізген белсенді қатысушыларға түрлі номинация табысталды.
«ҚТ» ақпарат
01 желтоқсан 2024 ж. 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 427
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 273

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728