» » «Есірткісіз өмір - ең жарқын болашақ» аудандық дебат турнирі өтті

«Есірткісіз өмір - ең жарқын болашақ» аудандық дебат турнирі өтті

«Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция» аясында Дүр Оңғар ауылындағы №107 орта мектебінде жалпы білім беру ұйымдарының жас мамандары арасында «ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР - ЕҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» тақырыбында аудандық дебат турнирі кезеңі өткізілді.

Дебат турниріне ауыл мектептерінің жас мамандары қатысып, нәтижесінде аудан прокуроры мен аудандық білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Айтулы шараға қатысқан Қармақшы ауданының прокуроры Маханбетжанов Мейрамбек Жаңбырбайұлы және аудандық білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гүльзира Мажитқызы құқықбұзушылық профилактикасы, есірткінің зардабы және жаман әдеттерден аулақ болу бағытында өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Айтулы шараның қорытынды бөлімінде мектеп оқушылары есірткінің зардабы туралы қойылым көрсетіп, «Нашақорлыққа жол жоқ!» жобасы аясында жас сурет салушылар, үздік эссе авторлары және жас спортшылар марапатталып, бұған дейін акция аясында жүргізілген спорттық және мәдени шараларда үздік көрсеткішке қол жеткізген белсенді қатысушыларға түрлі номинациялар табысталды

28 қараша 2024 ж. 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 282
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 162

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031