» » ЕЛ АМАНАТЫН АРҚАЛАҒАН 30 ЖЫЛ

ЕЛ АМАНАТЫН АРҚАЛАҒАН 30 ЖЫЛ

«Мен мәслихаттардың қызметіне ерекше мән беремін. Жалпы елімізде 3300-ден астам мәслихат депутаты бар. Бәріңізге мәлім, соңғы жылдары елімізде жан-жақты жаңғыру жұмыстары қолға алынды. Соның ішінде саяси реформалардың орны бөлек».
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Кеше Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен «Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Оған аудан тұрғындары, бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлер, ардагерлер мен жастар және аудандық мәслихаттың І және VІІІ шақырылым аралығында сайланған халық қалаулылары жиналды.
Осыдан 30 жыл бұрын, яғни 1994 жылдың 7 наурызында «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Заңына сәйкес елімізде алғашқы мәслихаттар сайлауы өткені белгілі. Жаңадан сайланған халық қалаулылары күрделі кезеңге қарамай, жаңа леппен, жаңа серпінде жұмыстарына кіріскен болатын. Әлбетте, 30 жылға тарихи өлшеммен қарар болсақ, көп уақыт емес. Бірақ бұл мемлекеттің тәуелсіздігін қалыптастыруға, түбегейлі реформаларды жүргізуде, әрине, күрделі де қиындығы мол жылдар болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Осы жылдар аралығында мәслихаттардың беделі артып, өкілеттігі кеңейтілді. Депутаттар кәсібилік пен жауапкершілікті істе өздерін толық дәлелдеді деп сеніммен айтуға болады.
Осынау жылдарда мәслихат жергілікті билік пен халықтың ортасына алтын көпір бола біліп, талай өрелі де іргелі істердің ұйытқысы болды. Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті органдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі де айтарлықтай. Осы жауапты міндетті шешуге барлық алдыңғы жеті шақырылым мен қолданыстағы сегізінші шақырылымда ел елеулілерінің білім-білігі мен күш-жігері жұмсалғаны сөзсіз.
Айта кетерлігі, аудандық мәслихаттың негізгі басымдықтарының қатарында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін шешу бойынша атқарушы билік органдарымен бірлескен жұмысы. Іскерлік пен бірліктің арқасында өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда.
Іс-шарада аудан әкімі Жандос Еркінбек сөз сөйлеп, жиналған жұртшылықты Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдық мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар аудан басшысы мәслихат төрағасы Әділ Қошалақовпен бірге І және VІІІ шақырылымдағы мәслихат депутаттарына Қазақстан Республикасы Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына – 30 жыл» мерекелік медалін табыстап, сый-құрмет көрсетті.
Ширек ғасырдан астам уақытта жергілікті мәслихаттарда атқарылған шаруа ұшан-теңіз. Отыз жылдың жүгі мен жетістігі бір төбе десек, бүгінгі белесі де ел құрметіне бөленуде. Әрбір шақырылымдағы депутаттардың көтерген жүгі де әр алуан. Толайым тірлікті қамтыған отыз жылдың бәсі жоғары. Түйткілді мәселелердің тамырын тап басқан, жаңалық пен жақсылыққа ұмтылған халық қалаулыларының еңбегі қашан да ерен.
Мерекеде ауданымыздың өнерпаздары, мәдени қызметкерлер Ғалымжан Шакизада, Айгерім Ешбаева, Руслан Өтегенов, Ақсұңқар Бүркітбай және тағы басқалары жырдан шашу шашып, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
30 қараша 2024 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 086

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031