» » Қармақшыда оқушылар арасында «Есірткінің адамзатқа кесірі» атты мүшайра өтті

Қармақшыда оқушылар арасында «Есірткінің адамзатқа кесірі» атты мүшайра өтті

Қармақшы ауданы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде «Есірткінің адамзатқа кесірі» тақырыбында облыстық жас ақындардың жыр мүшайрасының аудандық кезеңі өткізілді.

10-нан астам жас ақындар өнерлерін сынап, өздерінің шығармаларымен бөлісті. Мүшәйраның мақсаты – кейінгі жас ұрпақты салауатты өмір салтын сақтауға шақыру, есірткі қолданудың теріс ұстанымын қалыптастыру, есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер әсерін жырға қосу арқылы зиянды әдеттен аулақ болуға шақыру.

Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жас ақындардың жырлары арқылы жеткізу. Жастардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, Отансүйгіштік, әділеттілік,жауапкершілік құндылықтарына тәрбиелеу болып табылады.
Жыр мүшайрасының нәтижесімен №27 мектептің оқушысы Мұхамедқалиқызы Райда бас жүлдені иеленіп, облыстық байқауға жолдаманы жеңіп алды.
19 қараша 2024 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 656
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 420

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031