» » Сурет байқауында жүлделі І орынды иеленді

Сурет байқауында жүлделі І орынды иеленді


"Нашақорлыққа жол жоқ!" жобасы аясында «Есірткінің адамзатқа кесірі» атты аудандық сурет байқауы өткізілді.

Балалардың зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге үйрету және салауатты өмір сүруге баулу, жас суретшілерді анықтау, шығармашылық ізденіске жетелеу мақсатындағы іс шараға Қармақшы ауданы прокуратурасының прокуроры Шаймахан Нұржігіт Нұржанұлы мен аудандық білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гульзира Мажитқызы арнайы қатысып, оқушыларға өткізіліп отырған шараның маңыздылығын айрықша атап өтті.

Байқауға аудан мектептерінен 23 білім алушы қатысты.

Қазылар алқасы жұмыстың қатысушының тақырыбына және жасына сәйкестігіне, плагиаттың болмауына, идеяны жүзеге асырудың креативті тәсіліне, ақпараттылығына жұмыстың орындалу сапасына баса назар аударды.

Байқау нәтижесі бойынша 1-ші орынды №105 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Нұрланқызы Еркеназ иеленіп облыстық сурет байқауына жолдаманы жеңіп алды.

Алдағы сурет байқауында сәттілік тілей отырып, жеңіс тұғырынан көрінуге тілектеспіз!!!

18 қараша 2024 ж. 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 884
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 539

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930