» » КӘСІПКЕ СЕНІМІ ЗОР САБИНА

КӘСІПКЕ СЕНІМІ ЗОР САБИНА

Еліміздегі көпке көмек болып отырған мемлекеттік бағдарламалардың бірі – әлеуметтік осал топтарға арналған Ұлттық жоба. Бірнеше жыл бұрын жұмысын бастаған жобаның шарапаты мен игілігін көріп отырғандардың арасында ІІІ Интернационал ауылының тұрғыны Сабина Исламқызы да бар.
Ол – Тараздың тумасы. 2010 жылы ауыл азаматы, жас жігіт Нариман Набиевпен танысып, шаңырақ көтерген. Кешегі бозбала мен бойжеткен бүгінде 4 баланың ата-анасы. Берекелі отбасының иелері. Жары Қызыл- орда қаласында ауыр жүк көлігін жүргізіп, еңбек етіп жүр.
Ауылға атбасын бұрғандағы себебіміз де кәсіп иесімен жүздесу болатын. Ол да жатырқамай қарсы алып, бағдарламаға риза екенін жеткізді.
– Аталған жобаның бар екенін таныстарымнан естідім. Қайтарымсыз гранттың әлеуметтік топқа жататын, оның ішінде көпбалалы аналарға қатысу мүмкіншілігі берілгенін білдім. Ести сала ауыл әкімшілігінің маманы Бауыржан ағайға жолығып, құжаттарды рәсімдеуді бастап кеттім. Бизнес жобамды арнайы құрылған комиссияда қорғап, мемлекеттен бөлінетін қомақты қаражатқа ие болдым. Оған 4 мүйізді ірі қара сатып алдық. Қазір екі бұзаулы сиыр сауылып тұр да, екеуін сыртқа қосып қойдық. Олар да бұзаулауға жақын. Бірер аптада ауылға әкелсек пе деп отырмыз, – дейді жас ана.
Кәсіпкер аз уақыт ішінде тұрақты сүт сатып алушыларды қалыптастырған. Бағасы да көкейге қонымды.
– Шүкір деп айтайын, сүтіміз балалардың ас-қатығымен қоса, нәпақа табуға да жақсы жәрдем болып жатыр. Керегіңе қолқабыс болып тұр. Ертең бұйырса, сырттағы сиырлар келгенде қатық ұйытып, құрт-май жасаймын. Мемлекеттік бағдарлама – көпбалалы аналарға өте табылған идея десем, қате емес. Өйткені үйден ұзамай-ақ кәсібіңізді дөңгелетіп, пайдаңызды таба аласыз. Табиғи өнімге қашанда сұраныс жоғары болған. Бұл жағынан келгенде тоқайрап қаламын деген күмән жоқ. Мен секілді жас көпбалалы аналар кішкентайларынан ұзап шыға алмайды. Олардың сабағын оқытып, уақытында тамағын беріп дегендей. Қосымша қаржы отбасымызға оңтайлы көмек болып тұрғаны қуантады. Алда жоспарсыз емеспіз. Сүттің ақ- шасын жинап, тағы да сиыр малын сатып алып, басын көбейткіміз келеді. Малдың күтіміне көбінесе өзім қараймын. «Сиырдың сүті – тілінде» дегендей, бірінші кезекте оның жайы болу керек. Жеген азығына мән береміз. Шөпті ауылдан арзандау алсақ, жемін сатып алып отырмыз. Осындай бағдарламаны халыққа ұсынып отырған мемлекетімізге мың да бір рақмет айтамын. Енді кәсіптің ізінен қалмай, әрі қарай дамытуға еңбектенеміз, – дейді Сабина Набиева бізбен әңгімесінде.
С.Аққісі
16 қараша 2024 ж. 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 097

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031