» » Жаңа ипподром құрылысы жүруде

Жаңа ипподром құрылысы жүруде


Қармақшы ауданына қарасты Ақтөбе ауылында ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында жаңа ипподромның құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба «Ақтөбе и К» ЖШС-нің демеушілігімен жүзеге асырылуда, жалпы құны 70 млн теңгені құрайды. Ипподромның аумағы 36 гектарды қамтып, ашылуы 2025 жылдың сәуір айына жоспарланған. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін нысан мемлекет меншігіне беріледі.

Аталмыш ипподром ұлттық спорт түрлерін, атап айтқанда, ат спорты, көкпар, теңге ілу және бәйге секілді дәстүрлі ойындарды дамытуға бағытталған. Нысан ауыл тұрғындары үшін ұлттық спорт жарыстары мен мәдени іс-шараларды өткізетін орталыққа айналып, жастарды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуге және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ететін болады деп күтілуде.

14 қараша 2024 ж. 264 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 261
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 800

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930