» » Еркіндік сыйлаған ұлы күн

Еркіндік сыйлаған ұлы күн

Республика күні – мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған күн, тарихи маңызы бар ұлттық мереке. Бұл күн – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналып, еркіндік сыйлаған ұлы күн.
Бейбіт күнге жету үшін қазақ халқы көптеген қиын жолдан өтті. Егемен ел болып, тәуелсіздігін жариялау үшін қаншама жан кеудесін оққа тосты. Осындай мықты рухтың арқасында Қазақстан әлемде жеке-дара дербес ел атанды. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
Республика күні – бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам. Тарихқа көз жүгіртсек, 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болатын. Ол жобаның бірнеше күн Жоғарғы Кеңесте толассыз талқыланғаны белгілі. Қазақстанның толық мемлекеттік тәуелсіздігін ресімдеудің жаршысы болған бұл құжатты дайындау кеңестік империяның кеңістігінде белең алған экономикалық және саяси құлдырау жағдайында жүргізілді. Осы ретте құжаттың оңайлықпен қабылданбағанын да айта кеткен жөн. КСРО Жоғарғы Кеңесі басшылығы Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануын үнемі тежеп отырғаны белгілі. Сондықтан Қазақстанның тағдырын шешкен осы саяси-құқықтық құжатты әзірлеу әрі қабылдау азаматтық батылдықтың көрінісі болды.
Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданып, еліміздің еркіндік жолындағы аса маңызды жүйеленген саяси-құқықтық қадамы жасалды. 1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланған Тәуелсіздігіміздің бастауында дәл осы Егемендік туралы декларация тұрғаны анық. 25 қазан еліміздің азаттыққа ұмтылыс жолында тағдыршешті нәтижеге алып келген күн ретінде қадірлі болып тұр.
Тарихи мәні терең, идеологиялық жүгі жоғары айтулы күн еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет ететін, ерен істер мен елеулі бастамаларды жалғастыратын барша азаматтың отаншыл рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
Расында тәуелсіздік – қай елдің болсын басты игілігі. Баға жетпес құндылығы да сол. Ендеше біздің де тәуелсіздігіміз баянды болу үшін оның бастауы – Республика күні де ерекше маңызға ие болуы шарт. Сол себепті егемендікті сақтау, қорғау – ел бірлігіне сызат түсірмеу арқылы жүзеге асатынын естен шығарып алмайық.
26 қазан 2024 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031