» » Кітап оқы, ойға тоқы

Кітап оқы, ойға тоқы

Жуырда No284 мамандандырылған мектеп-лицейінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету арқылы «Оқуға құштар мектеп» жобасын дамытып, оқитын ұрпақ қалыптастыру мақсатында «Кітап оқы, ойға тоқы» кітапқұмарлар чемпионатының аудандық кезеңі өткен болатын. Оның негізгі мақсаты білім беру мекемелеріндегі ең белсенді, шығармашыл үздік «Оқуға құштар» тобын анықтауға, әдіс-тәсілдермен кітапхана ісін дамытуға қабілетті кітапханашыларды танытуға, «Барлық пәндер бойынша оқу» сабақ жүйесін іске асырушы оқу орынбасарларын насихаттауға бағытталды.
Аудандық шараға мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, пән бірлестіктері және мектеп кітапханашылары бойынша 22 мектеп қатысты. Айта кетейік, чемпионат аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен өтті. Ережеге сәйкес 5 кезең бойынша жұмыстары сараланып, нәтижесінде жоғары ұпай жинақтаған No269 орта мектебінің командасы жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алды. Ал жүлделі ІІ орынды No279, No85 орта мектеп алса, ІІІ орынға No99, No28 мектептер жайғасты. Сондай-ақ жеңімпаз командалар аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің арнайы дипломымен мара- патталды.
«ҚТ» ақпарат
26 қазан 2024 ж. 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 455
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31