» » Кітапхана—білімнің шамшырағы

Кітапхана—білімнің шамшырағы

Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде «Кітапхана—білімнің шамшырағы» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.
Шараға білім бөліміне қарасты барлық мектептердің кітапханашылары мен аудандық кітапханалар жүйесінің қызметкерлері қатысты.
Білім алушылар арасында кітап оқуды насихаттау үшін заман талабына сай тың тәсіл, ерекше әдістерді қолданудың үлгісін көрсету және аудандық кітапхана жүйесі қызметкерлері мен мектеп кітапханашылары арасында тығыз әріптестік байланыс қалыптастырып, тәжірибе алмасуға шақыру мақсатында өткізілген шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева арнайы барып, алғы сөз алды.
Жас өрендеріміз техника мен ақпарат көздері дамыған заманда білім алуда.Заманауи дереккөздерде қажетті ақпаратыңның бәрі бар. Дегенмен,бүгінгі бала-ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын тұлға.Сондықтан білім алушыларға кітап оқуды кеңінен насихаттауымыз тиіс-, деп семинардың сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.
Семинар барысында мектеп кітапханашылары шығармашылық,интеллектуалдық дағдыларды дамытуға қатысты заманауи әдістер мен тәсілдерді көрсетті.
Семинар соңында мектеп оқушыларынан құралған театр ұжымы сахналық қойылым көрсетіп, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

13 наурыз 2024 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930