» » АСЫЛ ҚАЗЫНАНЫҢ САҚШЫСЫ

АСЫЛ ҚАЗЫНАНЫҢ САҚШЫСЫ

Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, кітапханадан табамыз. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашы.
Біздің білім ошағымыз саналатын – мектебіміздің кітапханашысы Жанар Ешниязова жайлы тарқатып айтар болсам, ол өзінің еңбек жолын Қазалыда әлеуметтік қызметкер болып бастап, үйден оқитын балалармен тығыз байланыста болған. 2007 жылы Қорқыт ата атындағы университетті тарих пәні бойынша тәмамдаған. Төретам кентіндегі No85 мектепке 2020 жылы лаборант болып қабылданып, 2021 жылы бала- лар кітапханашысы болып тағайындалды. 2021 жылы өзінің еңбегінің арқасында мектеп директорының «Алғыс хатына» ие болды. Облыстық семинарда үздік жұмыстар көрсетіп, аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Мектепішілк іс-шараларды ұйымдастыру кезінде әрбір сыныптан әдеби оқулықты оқуға ынталандыратындай, оқырмандарға қызмет көрсету, оқырмандардың қызығушылығын қалыптастыру, сұранымын қанағаттандыру, оқуға басшылық жасау жолында көп еңбек етті. Қоғамға жақсы танылған осындай қызметтерді атқара отырып, кітапханашы халыққа адамгершілік тәрбие берудің ұйымдастырушысы ретінде көрінеді.
Мәдени ой-өрісінің кең болуы, мамандық білімінің тереңдігі, педагогикалық жұмыс әдістерін игеру – кітапханашыларға тән қасиет. Міне, осы қасиеттер Жанардың бойынан табыла білді. Балалар әдебиетін насихаттаушы, ұлы жазушылар мен ақындарымыздың шығармасын дәріптеу, кеңінен тарқату мақсатында, ізденімпаздығының арқасында жас оқырманның көзайымына айналған жанға құрметіміз шексіз.
Назира ОРАЗХАНҚЫЗЫ,
No85 орта мектептің мұғалімі. Төретам кенті
26 қазан 2024 ж. 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 422
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930