» » Білімнің шамшырағы

Білімнің шамшырағы

Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен заманның тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар. Жаңа заман талабына ілесу – әр кітапханашының міндеті.
Мектеп кітапханасында оқырман белсенділігін қалыптастыру бойынша заманауи тиімді технологиялар мен әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде оқырмандар саны арту үстінде. Қазіргі таңда барлық білім беру ұйымдарында «Оқуға құштар мектеп» жобасы жүзеге асып, кітап оқу үрдісі қалыптасқан.
Бірер күн бұрын жоба аясында Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейде «Кітапхана – білімнің шамшырағы» тақырыбында ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кітап оқыту арқылы олардың білімін жетілдіру, рухани тәрбие беру, білім саласындағы мектеп кітапханашылары мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашыларымен тәжірибе алмасу еді.
Қонақтарды мектеп фойесінде ұлттық аспаптар оркестрі қазақша күймен қарсы алды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева сөз сөйлеп, руханият жанашырлары кітапханашылардың қызметі, кітаптың құндылығы туралы айта келе ашық есік күнінде өтетін жұмыстарға сәттілік тіледі. Бағдарлама бойынша мектеп психологі Қ.Алданазарова «Жетістік формуласы» психологиялық тренингін ұйымдастырып, қатысушыларға «Додекаэдр» әдісі арқылы бір-біріне жақсы қарым-қатынас қалыптастыруда ойын жүргізіп, көтеріңкі көңіл сыйлады. Осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Дүзенова кітапханашыларды «Ыбырай» және «Бердібек» деп екі топқа бөліп, «Ұлттық код» тақырыбында танымдық сағат өткізді. Танымдық сағатта «Ұлттық код» дегеніміз салт-дәстүр, дін мен тіл, тәрбие мен ұлттық құндылықтарымыз екеніне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, «Галереяны шарлау» әдісі арқылы салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтар берді. Қазақстанда, оның ішінде Сыр өңірінде жасалатын «Қазалы» кәмпиті мен сүт өнімі – құртты жарнамалатты. Ұлттық құндылықтар баяндалатын мәтінмен жұмыс, актерлік шеберлікті анықтауда дыбыссыз берілген қазақша мультфильмдегі рөлдерді сомдау кітапханашылардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуға, тәжірибе жинауға сеп болды. Танымдық сағатты «Ата дәстүр» әнімен мерекелік көңіл-күйде аяқтады.
№105 мектеп-лицейінің кітапханашысы А.Бисембаева кітап оқудағы шығармашылық дағдылар, «Сүйікті бірінші парағым», «Кітабыңызбен бөлісіңіз» тәжірибелік жұмысын өткізіп, «Keyword Hexagon» әдістемесінің мақсатын түсіндіріп өтсе, «Әңгімені жалғастыр» әңгіме құрастыру ойынын кітапханашылармен бірге ойнады.
№80 мектеп-гимназияның кітапханашысы Г.Бурлибаева «Кітапхана креативті білім беру кластері» тақырыбы бойынша әртүрлі заманауи әдіс-тәсілдерді түсіндіріп өтті. «Кинолента әдісі» бойынша оқуға құштар 100 кітапты насихаттап, әр кітаптың бетіне сол кітап желісі бойынша QR код арқылы сұрақтар қойып, кино желісінен үзінділер көрсетіп, түрлі ойындар жүргізді.
READх жобасы бойынша №250 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Е.Орынбасаров «Ақ боз үй» кітабы, №105 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы С.Бақытбек «Шуақты күндер», №113 орта мектептің 10-сынып оқушысы Т.Бекболатқызы «Кемел адам», №284 мамандандырылған мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы З.Елтай «Апамның астауы» тақырыбындағы оқыған кітаптарымен бөлісті.
№279 мектеп-лицейінің кітапханашысы Г.Смайлова «Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды пайдалану» тақырыбы бойынша мектеп кітапханасында оқырмандарға әртүрлі платформаларды пайдалану, әдістәсіл түрлерін таныстырып өтті. Білім алушылар арасында кітап оқуды насихаттау үшін заман талабына сай тың тәсіл, ерекше әдістердің қолдану үлгісін көрсетті. Жаңа технологиядағы платформаларды пайдалана отырып, көнерген сөздер, мақал-мәтелдер, ұлы тұлғалар, ақынжазушылардың кітаптарын насихаттады.
№29 орта мектептің кітапханашысы А.Жұмағұлова «Kahoot» әдісінің ойын түріндегі оқыту платформасына түсіндірме жүргізіп, кітапханашылармен бірге ойнап көрсетті.
№250 мектеп-лицейінің 6 орыс сыныбының оқушылары (дайындаған Д.Дюсекбаева) «Қуыршақ театры» жобасы бойынша «Ұр, Тоқпақ» ертегісін қазақ тілінде ерекше сомдаса, осы мектептің 10-сынып оқушылары (дайындаған Ш.Кәрібаев) көрсеткен «Ұлты ұлықтаған ұлы Абай» сахналық қойылымы көрермендердің жан дүниесін тербеп, рухын оятты. Жақында ғана облыстық байқаудан жеңіспен оралған №250 мектеп-лицейдің «Мектеп театр» жобасы өте жоғары деңгейде екенін тағы бір дәлелдеді. Бұл қойылымдардан біз оқушылардың оқыған кітаптарын насихаттай алатынын, жұртшылыққа таныстырып, кітап оқуға қызықтыратынын көрдік.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйе­сінің кітапханашылары бірлесе өткізген жұмыстарға талдау жасап, кері байланыс нәтижесінде мектеп кітапханашыларының көрсеткен жұмыстары тиімді екендігін және осы шаралар арқылы оқырмандарды көптеп тартуға болатынына көз жетті. Түрлі әдіс-тәсілдерді өз жұмыстарында пайдалануға болатынын, алдағы уақытта білім саласындағы кітапханашылар мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары арасында байланыс нығая түсетіні атап айтылды. Өткізілген жұмыстарды жоғары бағалап, Ашық есік күніндегі іс-шаралардың пайдалы болғанын айтты. Мектеп директоры Г.Мұнарбаева барлық іс-шараға қатысып, өз ұсыныс-пікірімен бөлісіп, «Оқуға құштар мектеп» жобасының берері мол екенін алға тартты. Бұл бағыттағы креативті жұмыстар жалғасын тауып, оқуға құштар оқушыларымыз көп болатынына сенім арттық.
Айгүл ҚОСАНОВА,
аудандық білім бөлімінің әдістемелік
кабинетінің әдіскері.
18 наурыз 2024 ж. 88 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (10304)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031