» » Табиғат қорғаншыларын қабылдады

Табиғат қорғаншыларын қабылдады

Бүгінде бүкіл жаһан жұртын алаңдатып отырған экология мәселесінің оңалуына орман шаруашылығының маңызы, соның ішінде жасыл желекті қорғап жүрген орманшылардың еңбегі орасан. Елімізде әр жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісі – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде аталып келеді. Осыған орай аудан әкімі Жандос Еркінбек сала қызметкерлері мен ардагерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен және орман шаруашылығының 90 жылдық мерейтойымен құттықтады.
– Ауданымызда 2022 жылдан бері 30 128 гектар жерге сексеуіл тұқымы себіліп, 28 000 гектар жерге сексеуіл көшеті егілді. Облыс әкімінің қолдауымен соңғы үш жылда бюджеттен 296 миллион теңге бөлініп, жаңадан 38 техника алынып, материалдықтехникалық база күшейтілді.
Сонымен қатар, өткен жылдың шілде айынан бастап орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға артты. Соңғы бес жылда орман қоры аумағында өрт оқиғалары тіркелген жоқ, – деді аудан әкімі. Сонымен қатар салада үздік еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкер облыс және аудан әкімдерінің алғыс хатымен марапатталды. Іс-шараға арнайы қатысқан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар қызметкерге алғыс хаттар мен Жаңақорған шипажайына жолдама табыстады.
Сондай-ақ жиын барысында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов құттықтау лебізін білдірді.
«ҚТ» ақпарат
23 қазан 2024 ж. 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 527

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930