» » Кезекті комиссия отырысы өтті

Кезекті комиссия отырысы өтті


Аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары және ата-аналар қатысты.

Күн тәртібінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау шаралары талқыланды. Әсіресе, тәртіп бұзуға бейім жасөспірімдердің жағдайы мен олардың проблемаларына ерекше назар аударылды. Отырыс барысында бірқатар нақты жағдайлар қаралып, әр оқиға бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Комиссия төрағасы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтіп, тиісті сала басшыларына құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс жасап мектептерде тәрбие жұмыстарын жетілдіруді тапсырды.

Отырыс қорытындысы бойынша, тиісті мекемелер мен ұйымдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны ескертілді.

23 қазан 2024 ж. 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930