» » Табысты таразылаған жәрмеңке

Табысты таразылаған жәрмеңке

Күз мезгілі – дала еңбеккерлерінің қара жерге дән сеуіп, соны ала жаздай көктеп-көгертіп өсіріп, содан шыққан өнімді таразылайтын уақыт. Осыдан кейін ел-жұрт ауылшаруашылық өнімдері ұсынылған «Алтын дән» жәрмеңкесін асыға күтеді. Сенбі күні жылдағы дәстүр бойынша аудандағы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы саябақ алдында «Алтын күз – 2024» атты ісшарасы өтті.
Азанғы сағат 8-де басталған мерекелік шараға аудан тұрғындары тез жиналды. Жолдыбаев көшесінің бойына қаз қатар тізілген жүк көліктеріне тиелген бақша өнімдері мен жеміс-жидек, күнделікті тұтынатын азықтүлік өнімдері базар бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада пұлданды. Қыстың қамын ойлағандар картоп, жуаны қап-қабымен алды. Жүк көлігіне жиналған мал азығын да бір орнында тұрғызбай саудалап жатыр. Қорада мал ұстаймын дегендерге ауылдан арнайы қойешкі әкелініп сатылды. Жалпы саудада халық тұтынатын өнім жеткілікті болды.
Жәрмеңкеге барлығы 49 автокөлікпен 123,7 тонна ауылшаруашылық өнімі жеткізілді. Оның ішінде 25 тонна ақ күріш, 2,7 тонна ет және балық өнімдері, 45 тонна бақша дақылдары, 5 тонна күріш қалдығы, 18 тонна көкөніс өнімдері, сонымен қатар 30 тонна, яғни 1550 дана жоңышқа сатылымға шығарылды. Картоптың келісі – 160 теңге болса, жуа – 90 теңге, сәбіз – 150 теңге, қырыққабат – 130 теңге, қарбыздың келісі – 60 теңгеден сатылды.
Сондай-ақ сауда қатарында Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылының Сыр маржаны, Тұрмағамбет пен Алдашбай ахун ауылының бақша дақыл өнімдері, Қуаңдарияның балығы, Төребай би ауылының ет өнімі көптің қажетіне жарады.
– Ел-жұрт жыл сайын күзгі жәрмеңкеден үміт күтеді. Өйткені мұндағы халық тұтынатын өнімдер ауылдың таза бренді және нарық бағасынан төмен. Шамамыз келгенше картоп, жуаны қаппен алып жатырмыз. Сосын Қуаңдарияның балығын жылда асыға күтемін, жәрмеңкеге келіпті, қазір бұйырса сатып аламын. Ауыл еңбеккерлеріне айтар алғысым шексіз, – дейді кент тұрғыны А.Ибраева.
Қысқа қамның берік болуы – халық тұтынатын ауылшаруашылығы өнімдері бағасының төмендігімен тікелей байланысты. Осы ретте аудан әкімі Жандос Еркінбек жәрмеңкенің бағасын бақылап, аралап көрді. Ауылшаруашылық өнімдері бағасының тұрақтылығын тексерді.
Іс-шарада аудан өнерпаздары жырдан шашу шашып, тұрғындардың көңілін көтерсе, мықтылар спорттық шараға қатысып, гір тасын көтеруден күш сынасты.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
22 қазан 2024 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031