» » Жәрмеңкеде жаңа өнімдер

Жәрмеңкеде жаңа өнімдер

qarmaqshy-tany.kz Биыл ауданымызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығымы жоғары деңгейде болды. Ерте көктемде Жер-ананы мәпелеп, кетпенін иыққа ілген еңбеккерлердің күзгі салымда күтетіні де осы.

Осы жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша айтар болсақ, аудандағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 22 млрд 39,3 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,6 пайызға артық өндіріліп отыр. Бұл дегеніміз – диқан қауымның ала жаздайғы төгілген маңдай тері болса, ырыздық несібесін төкпей-шашпай жинап алудағы тынымсыз еңбегінің көрінісі. Еңбекшіл орта қысқа қамын өздері ғана жасап қоймай, қаладағы ағайынмен де бөліскенді жөн санайды. Түрлі жәрмеңкеге өнімдер шығарып, қалалықтармен бөлісіп отырады. Соның бірі – 9 желтоқсанда Қызылорда қаласында Журба көшесінің бойында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі.
Оған 29-дан аса жүк көлігіне тиелген 66,7 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әкелініп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды. Атап айтқанда, 15 тоннадан артық ақ күріш, 40 тонна шамасында бақша, көкөніс өнімдері, 3,6 тоннаға жуық ет, балық тұтынушыға ұсынылса, кондитер, сүт өнімдері де осы жәрмеңкеден табылды. Қармақшылық диқандардың ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін арнайы күткен қала тұрғындары мен жерлестеріміз 8 тонна мал азықтық дақылдарын да демде сатып алып кетті.
– Жәрмеңкеден керегімізді базар бағасынан төмен бағада сатып алдық. Жаңа өнімнен ауыз тиетінімізге қуаныштымыз. Күзгі пісімшіліктен кейін де халық игілігі үшін ұйымдастырылып жатқан жәрмеңкеге өте ризамыз. Осындай үлкен шаруаға ұйытқы болып жатқан азаматтарға алғысымыз шексіз, – дейді қала тұрғындары жылы лебізбен.
Айта кетейік, жәрмеңкеде сонымен қатар, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары да сатылымда болды.
С.АҚКІСІ
13 желтоқсан 2023 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 230

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930