» » Берекелі күздің басты мерекесі - жәрмеңке болып өтті

Берекелі күздің басты мерекесі - жәрмеңке болып өтті


qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті. Бұл жәрмеңке ерте көктемнен қара күзге дейін талмай еңбек еткен шаруалардың жыл қорытындысы десек те болады. Күздің сыйына 35 көлікпен 217 тонна ауыл шаруашылығының өнімдері қойылып, нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағада жүргізілді.

Күн ертемен басталған жәрмеңкеге аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы мен аудан ардагерлері, аудандық мәслихат төрағасы Қошалақов Әділбек Үсенұлы қатысты. Дала еңбеккерлері мен аудан халқын қауыштырған күздің мерекесінде күріш, бақша өнімдері, ет, балық, көкөністер, сүт өнімдері, макарон, мал азығы өнімдері қойылды.

Сатылымда болған өнімдердің 21 тоннасы күріш өнімі болды. Саудаға шыққан күріш өнімдеріне сұраныстың көптігінен Сыр салысы қайтадан еселеніп жеткізілді. Сонымен бірге бүгін 24 тонна бақша өнімдері, 80 тонна картоп, 50 тонна жуа, 12 тонна асқабақ, 1 тонна макарон, 150 кг ет, 100 кг балық, мал азығы өнімдерінен 5 тонна күріш қалдығы мен 30 тонна жоңышқа, 2000 дана пішен, 150 л сүт өнімдері халық сұранысынан шықты.

Көктем шыға кетпенін күнге сүйдіріп, еңбектенген шаруалар ала жаздай алқабын баптап, қара күзде жиын-терім уақытында жылдық азығын еселеп, еңсеріп алды. Бұл еңбеккерлер үшін молшылық айы болып саналады. Биылғы су тапшылығына қарамастан ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлері ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына мол үлес қосты.

©️Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

29 қазан 2023 ж. 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 984
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 661

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031