» » Дарқан дала өнімі қалалықтардың дастарханында: "Алтын күз-2023" мерекесі аясындағы жәрмеңке жайында

Дарқан дала өнімі қалалықтардың дастарханында: "Алтын күз-2023" мерекесі аясындағы жәрмеңке жайында


qarmaqshy-tany.kz Жылдағы дәстүрмен биылғы берекелі күзде де ауыл шаруалары артынып-тартынып қалаға жетті. Мақсат – дарқан дала төсінен өнген өнімді қалалықтарға ұсыну. Ауданның ұйымдастырған жәрмеңкесіне келген қалалықтардың қарасы қалың болды. Ауыл дәмін сағынғандар үшін бұл да болса бір той.

Күн ертемен басталған жәрмеңкеге аймақ басшысы Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы мен аудан ардагерлері, аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы мен Сенат, Мәжіліс, Мәслихат депутаттары қатысты.

Жәрмеңкеге аудан­ның 10-нан астам шаруашылығы 54 көлікпен 150 тоннадан астам өнім әкелді. Ауданға қарасты қос кенттердегі кәсіпорындар да қалыс қалмай өз өнімдерін саудаға шығарды. Жәр­меңкеде күріш, бақша өнімдері, ет, балық, көкөністер, сүт өнімдері, макарон, жем, кондитер өнімдері сөреге қойылды.
Баға на­рық­тағыдан 10-15 пайызға төмен.

Күз мерекесіне кел­ген өнімнің басым бөлігі – күріш пен бақша өнімдері болды. Бұл қалада­ғылар үшін қуаныш десек те болады. Өйт­кені қазір – қысқа қамданған қала халқы үшін бағасы сапасынп сай, күнге күйіп, жер қызуынан қауыз жарған табиғи өнім қат.

Саудаға әкелінген өнімдердің 32 тоннасы – күріш, 80 тоннасы – бақша өнімдері, 4 тоннасы – ет, балық өнімдері, 20 тоннасы - көкөніс, 500 кг – сүт өнімі, 700 кг - макарон, 1000 дана - кондитерлік өнім, 6 тоннасы – жемді құрады.

Жиын-терім аяқталып, қарбалас жұмыстан босаған шаруалардың ала жаздайғы еңбегінің нәтижесін шығарып, өнімдерін өткізген бұл жәрмеңкеде сатушы да, алушы да пайдада қалды. Бір жағы өнімдерін өткізсе, екінші жағы қысқа қажетті азық-түлік қорын қамдап, малына қажетті жем-шөбін дайындап алды.

"Алтын күз-2023" ауыл еңбеккерлерінің ерен еңбектерінің нәтижесі өлшенетін күз мерекесі жәр­меңкедегі аудан көркемөнер­паз­дарының концерттерімен жалғасып, мәдени-көпшілік шараларға ұласты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

22 қазан 2023 ж. 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 424
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 231

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930